×

Абай облысында жаңа оқу жылында ауылдық мектептер заманауи талаптарға сай жаңғыртылды

Жобаның жалпы құны 1 млрд теңге құрайды

Абай облысында жаңа оқу жылында ауылдық мектептер заманауи талаптарға сай жаңғыртылды
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Әр ауданның бір мектебіне 250 миллион теңгеден бөлініп, олардың материалдық-техникалық базасы толық жаңартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Білім беру саласын тұрақты дамыту мақсатында «Қазақстан халқына» қоры және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің серіктестігі аясында «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасының жалпы құны 1 миллиард теңге құрайды. Жоба шеңберінде Абай, Бесқарағай, Көкпекті және Бородулиха аудандарының мектептері үлкен қолдауға ие болды.

 

Бородулиха ауданы Ә.Бөкейханов атындағы қазақ мектебінде 33 жаңа кабинет пайдалануға берілді. Абай ауданы жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясында 26 кабинет жаңғыртылды. Бесқарағай ауданы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінде 35 кабинет қайта жабдықталып, мектептің акт залы, спортзал мен асханасы жаңартылды. Көкпекті ауданы Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебінде 27 жаңа кабинет оқушылардың игілігіне берілді.


Әр аудандағы мектептерде мектепалды даярлық сыныптарынан бастап, бастауыш, орта және жоғары сыныптар үшін арнайы жабдықталған физика, химия, биология, информатика кабинеттері, қыздар мен ұлдарға арналған технология кабинеттері, сонымен қатар робототехника, ART-студия, STEM-зертхана, Intellectum кабинеті, музыка және телестудия кабинеттері ашылды. 

2022 жылдан бері жоба аясында ауылдық мектептер заманауи талапқа сәйкес жабдықталып келеді. Бұған дейін қайырымдылық жобасына Аягөз, Ақсуат, Жарма аудандарынан үш мектеп кірген. 

Айта кетейік, Абай облысында барлығы 309 мектеп бар, оның ішінде 302 - мемлекеттік, 7 - жекеменшік. Қалалық жерлерде 75, ауылдық жерлерде 227 мектеп орналасқан, оның ішінде 154 шағын жинақты мектеп бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Директор бір орында ұзақ отырмауы тиіс": Оқу-ағарту министрі мектеп басшыларын ротациялауды ұсынды
30.01.2026ж. 23:51

"Директор бір орында ұзақ отырмауы тиіс": Оқу-ағарту министрі мектеп басшыларын ротациялауды ұсынды

Қазіргі таңда Қазақстанның орта білім беру жүйесінде барлығы 8 848 мектеп бар
Роза Садықова жекеменшік білім беру ордаларының негізі 35 жыл бұрын қаланғанын еске салды
Білім саласындағы заңсыздықтар анықталып, басқа мамандарға жол ашылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →