×

Сәтбаев университетінің жас ғалымдары бизнес өкілінің қолдауына ие болды

Еліміздің оңтүстік өңірі Түркістанда мақта өндірісі қарқынды дамыған

Сәтбаев университетінің жас ғалымдары бизнес өкілінің қолдауына ие болды
Фото: Satbayev.university

Отандық өндірісте қайта өңдеу саласы жанданып келеді. Сәйкесінше бұл экономикалық ахуалдың индикаторын арттырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еске сала кетсек, 2023-2027 жылдарға арналған «Globaltextile. Turkistan» жобасы аясында Оңтүстік Қазақстандағы мақта кластерін дамыту бойынша жас ғалымдар белсенділік танытуда. Соның қатарында Қ.Сәтбаев университетінің ғалым-ұстаздары бар.

Еліміздің оңтүстік өңірі Түркістанда мақта өндірісі қарқынды дамыған. Алайда жыл сайын өндірістегі мақта талшықтарының қалдықтары «Жасыл елге» айналуды көздеген Қазақстанның экологиясына зиян. Мұның басты шешімі – өндіріс жұмысына екінші тыныс беру.

Бұл ретте Қ.Сәтбаев университетінің жас ғалымдары мақта өндірісі қалдығынан қағаз өнімін шығармақ. Шикізат ресурсының қайта өңдеу жұмысы бәсекеге қабілеттілікті арттырып, тиімділік әкеледі. Осыған байланысты Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің зертханасында мақтаның ұзын әрі қалыпты талшығынан қалған қысқа бөлігінің қалдығынан целлюлоза алып, қағаз өндірісін дамыту үшін арнайы зерттеу жұмысы жүргізілуде.

Айта кетейік, республикамызда қағаз шығаруға қажетті ағаш целлюлозасы жоқтың қасы. Елімізде қағаз қалдықтарынан тұрмыста қолданылатын майлық, жеке гигиенаға және тамақ өнімдеріне арналған қағаз түрлерінен басқасы шығарылмайды.

Соя, күнбағыс қауызы, күріш сабағы секілді биомассадан бастап, қағаз, құрылыс, химия өнеркәсібі, автоконцерн салаларында кеңінен қолданылатын техникалық, микрокристалдық целлюлоза, наноцеллюлоза секілді өнімді университет профессоры Сана Қанатбекқызы оңай атқарды. Аталмыш білім ордасының ұстаз-ғалымы ғылыми топ мүшелерімен бірге зерттеу жұмысын бастап кеткеніне де көп уақыт өткен жоқ. Соған қарамастан университет оң нәтижеге қол жеткізді.

«Мақта қалдығынан целлюлоза алу үшін делигификациялаушы еріткіштің тиімді түрін, мөлшерін, өңдеу уақытын, температурасын анықтап, алынған целлюлозаның физико-химиялық қасиетін зерттеудеміз. Нәтижесінде қағаз үлгілеріне қол жеткіздік. Енді оның сапалық көрсеткіштері мемлекеттік стандартқа сай зерттеліп, физико-химиялық қасиеттері заманауи өлшегіш аспаптарда анықталуына басымдық берудеміз. Бұл жобамызға демеушілер де табылып отыр», – дейді Сатбаев университетінің қауымдастырылған профессоры Қабдрахманова Сана Қанатбекқызы.

Сана Қанатбекқызы

Университеттің жас ғалымдары дайындаған қағаз үлгілерінің қалыңдығы, тығыздығы, меншікті көлемі, беріктілігі басқа қағаз аналогтарынан кем емес. Бағасы қолжетімді, «жасыл» технология қағидатына сай, толықтай отандық өнім санатына жататын бұл ғылыми топтың жұмысы мақтануға тұрарлық зор еңбек. Себебі университет ғалымдары жобаларын сәтті жасап қана қоймай, бизнес өкілдерінің назарына да ілікті.

Сәтті жобаға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер алда құрылыс материалы  мен гипс картонына арналған қағаз өнімін дайындауға тапсырыс беруге ниетті.

Ел өндірісінің жанданып, отандық ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосып жатқан Сатбаев университетінің ғалымдары әлі талай ғылыми жаңалық ашарына сенеміз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →