×

Алматының Алатау ауданында жаңа оқу жылына 550 орындық мектеп ашылды

Мектепте зертханасы бар жеке биология және химия кабинеттері бар

Алматының Алатау ауданында жаңа оқу жылына 550 орындық мектеп ашылды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Алатау ауданының «Саялы-2» шағын ауданында қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен мемлекеттік тілде оқытатын мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 
№212 мектептің ғимараты жоғары, орта және бастауыш сыныпты оқытатындықтан, жеті бөлек бөліктен тұрады. Мектепте мультимедиялық кабинет, ресурстық орталық, медиатека, оқу, спорт, акт және асхана залдары қарастырылған. 

Сондай-ақ зертханасы бар жеке биология және химия кабинеттері бар. Аспаздық, маталарды өңдеу, металл және ағаш өңдеу сияқты бағыттар бойынша еңбекке баулу кабинеттері бар. Аумақта спорт және ойын алаңдары ұйымдастырылған. 

Жаңа мектепті пайдалануға беру осы шағын ауданда орналасқан №180 және №204 мектептің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, ауданда мектеп тапшылығын азайту үшін «Зерделі» шағын ауданында 550 орындық мектеп салынып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында білім бөлімі басшысы жүргізушісін гимназияға орналастырып, жалақысын алып отырған
Бүгін, 11:04

Алматы облысында білім бөлімі басшысы жүргізушісін гимназияға орналастырып, жалақысын алып отырған

686 млн жымқырған Іле аудандық білім бөлімінің басшысы және 7 есепшісінің былығы
Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →