×

2025-2026 оқу жылында оқытылатын жаңа оқулықтардың жобасы талқылауға шығарылды

Қолданыстағы заңнама бойынша бүгінде оқулықтар сараптаманың бес кезеңінен өтеді:

2025-2026 оқу жылында оқытылатын жаңа оқулықтардың жобасы талқылауға шығарылды
Фото: canva.com

2025-2026 оқу жылы қолданысқа енгізілетін 4-сыныптарға арналған оқулықтар қоғамдық талқылауға шығарылды. Ол үшін Білім мазмұнын сараптау орталығының https://bmso.kz сайтындағы «Оқу әдебиеттерін қоғамдық талқылау» бөліміне өту керек, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, талқылауға мұғалімдер, ата-аналар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен мектеп оқулықтарының сапасына бей-жай қарамайтын барлық азаматтар қатыса алады.

“Сайтта мына пәндер бойынша оқулықтардың мазмұнымен танысуға болады: «Орыс тілі» (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін); «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», Шет тілдері (ағылшын, неміс, француз), сондай-ақ «Цифрлық сауаттылық» бойынша электронды оқулық нұсқалары. Барлық келіп түскен сын-ескертпелер, мен оқулықтардың сапасы мен мазмұнын жақсартуға қатысты ұсыныстар сараптама барысында ескеріледі. Талқылау биылғы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады”, - делінген мәліметте.

Атап өту керек, қолданыстағы заңнама бойынша бүгінде оқулықтар сараптаманың бес кезеңінен өтеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, оқулықтарды пилоттық мектептерде сынақтан өткізу, қоғамдық-педагогикалық талқылау, пәндік сарапталық комиссияның қарауы. Қазіргі уақытта аталған оқулықтар қоғамдық талқылаумен қатар, еліміздің бірнеше өңірлерінде 31 пилоттық мектепте сынақтан өтуде.

“Ғылыми-педагогикалық сараптамаға ғалымдар мен біліктілік санаты «зерттеуші педагогтен» төмен емес практик-мұғалімдер тартылады. Сарапшылар арнайы оқу курсынан өтіп, сарапшы сертификатын алған және республикалық сарапшылар базасына енген. Осындай жоғары талаптар сынақ және пәндік сарапталық комиссия қатысушыларына да қойылады”, - деп қосты ведомство өкілдері.

Пәндік сараптама комиссиясының шешімімен сараптаманың барлық кезеңдерінен өткен оқулықтар мектептерде пайдалану үшін және Оқу-ағарту министрлігі бекітетін оқулықтар тізбесіне енгізу үшін ұсынылатын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →