×

Қазақ оқушылары Мысырдағы олимпиададан 4 медаль жеңіп алды

Бұл жетістікпен қазақстандық оқушылар биылғы жеті беделді халықаралық олимпиадаларға қатысуын қорытындылайды

Қазақ оқушылары Мысырдағы олимпиададан 4 медаль жеңіп алды

Мысырдың Александрия қаласында информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадасы аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы білім сайысына 90 елден келген 350 қатысушының арасында Қазақстанның құрама командасы үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Максим Цой — Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;

Мансұр Таймас — Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Назар Серазитдинов — Алматы қаласындағы мектептің 11-сынып оқушысы;
Ахмет Иса — Қызылорда облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

Команда жетекшілері: Темірлан Сатылханов — ACM бас бапкері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы; Айбар Қуанышбай — IITU магистранты, республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпазы.

Бұл жетістікпен қазақстандық оқушылар биылғы жеті беделді халықаралық олимпиадаларға қатысуын қорытындылайды. Біздің құрама командалар IMO (математика), IPhO (физика), IBO (биология), IChO (химия), IOL (лингвистика), IGeO (география) және IOI (информатика) қатысып, нәтижесінде 26 медаль және 1 грамотаға ие болды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтарға біржолғы сыйақы беріледі. Алтын медаль жеңіп алған оқушы 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Бүгін, 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →