×

Қазақстанда колледждерге ҰБТ нәтижесі бойынша қабылдау жүргізілуі мүмкін

Жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламаларын үйлестіруге ерекше назар аударылады

Қазақстанда колледждерге ҰБТ нәтижесі бойынша қабылдау жүргізілуі мүмкін
Фото: depositphotos.com

Ұлттық бірыңғай тестілеу куәлігі жоғары оқу орындарына ғана емес, колледждерге де түсу үшін қажетті құжат ретінде енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды хабарлайды Qaz365.kz

Министрдің айтуынша, жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламаларын үйлестіруге ерекше назар аударылады.

«Бұл ретте ҰБТ жоғары оқу орындары мен колледждерге грант беру тетігі ретінде болу мүмкіндігі бар. Оқу нәтижелерінің жоғарылауына сәйкес синхрондалған білім беру бағдарламалары колледж түлектеріне жоғары білімді жеделдетілген курста (2 жыл) жалғастыруға және жоғары біліммен еңбек нарығына шығуға мүмкіндік береді», – деді Саясат Нұрбек.

Оның сөзінше, осындай икемді тәсіл жастардың мансаптық жолын жүйелеп, еңбек нарығына шығудың балама әдістерін қалыптастырады.

«Сонымен қатар микробіліктілік пен minor-бағдарламаларды енгізу студенттерге жеке еңбек функциясын орындау үшін жеткілікті аралас салаларда біліктілікті игеруге мүмкіндік береді», – деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →