×

«Астанада бос қалған ғимараттан оқушы қыздың мәйіті табылды». Полиция тың дерек айтты

Мәйіт табылған ғимарат бұрын балабақша болған

«Астанада бос қалған ғимараттан оқушы қыздың мәйіті табылды». Полиция тың дерек айтты
КТК

Астана полициясы 10 қыркүйекте қараусыз қалған ғимаратта денесі табылған 14 жасар қыздың өліміне қатысты тергеуге түсініктеме берді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жолға шықты. Оқиға орнын егжей-тегжейлі тексеру жүргізілді. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, алдын ала мәліметтер бойынша – жүректің тоқтауы», - дейді Астана қаласы ІІД Байқоңыр аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Әбиров.

Қозғалған қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жан-жақты және объективті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Мәйіт табылған ғимарат бұрын балабақша болған. Кейін сектанттардың бақылауына өткен. Сосын бос қалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →