×

Астанада бір ғана орыс мектебі қалды: аралас мектептерде оқушы көбейген

2024-2025 оқу жылы Астанада жалпы білім беретін мектептер саны – 188

Астанада бір ғана орыс мектебі қалды: аралас мектептерде оқушы көбейген
Фото: ашық дереккөзден

Астанада қанша қазақ мектебі бар? Оның қаншасы орыс және аралас мектеп саналады? Онда қанша бала оқиды? Үшауысымды мектептердің  мәселесі қалай шешімін тауып жатыр? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеп көрдік. Qaz365.kz тілшісі  қаланың білім басқармасына жолдаған сауалында осы сұрақтарға жауап берілді.

Статистика 

2024-2025 оқу жылы Астанада жалпы білім беретін мектептер саны – 188, оның ішінде 109-ы мемлекеттік, 72-сі жеке меншік, 7-і республикалық мектеп. Қалада 35 қазақ мектебі бар. Онда 71 702 бала қазақ тілінде білім алады. 1 ғана орыс мектебі қалған. Онда 293 бала оқып жатыр. Аралас мектеп саны -  69. Онда  161 124 бала оқиды.

Қазақ тілді мектепке сұраныс жоғары

Білім басқармасының мәліметінше, кез келген ата-ананың баланы мектепке берерде оқыту тілін таңдауға құқығы бар. Дегенмен, қазақ тілде оқитын балалар саны артуда. 

Былтырғы статистикамен салыстыратын болсақ, 2023-2024 оқу жылында 35 қазақ мектебінде 68 917 бала болса, биыл 71702 балаға өскен. Сондай-ақ, өткен оқу жылында 3039 бала оқитын 3 орыс мектебі болған. Ал биыл 1 орыс мектебі қалған. Онда 293 оқушы білім алуда. Алайда аралас мектепте оқитын балалардың саны артқан. Яғни, 69 аралас мектепте былтыр 140 810 бала оқыса, биылғы оқу жылы  онда 161 124 бала болған.

Үш ауысымды мектеп мәселесі

Үш ауысымды мектептерді жою — білім саласындағы ең өзекті мәселеің бірі. Сонымен, қаладағы мектептердің нешеуі үшауысымды және олардың мәселесі қалай шешіліп жатыр деген сұраққа да жауап келген. Мемлекеттік стандарт бойынша сыныптағы оқушылар саны қанша болуы керек және олар сақталған ба деген сияқты сұрақтарға да жауап алдық.

Басқарма берген мәліметке сәйкес, 2024-2025 оқу жылында қалада бес үш ауысымды және он төрт бала саны шамадан тыс мектеп жұмыс істейді. 2024 жылы 34 390 орындық жиырма төрт мектепті (бір ауысымда) пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда 18 990 орындық он бес мектеп (бір ауысымда) пайдалануға беріліп отыр. Олар: екі БИП, тоғыз жайлы мектеп, төрт жекеменшік мектеп). 

«Биыл жыл соңына дейін 15 400 орындық сегіз жайлы мектеп және бір жекеменшік мектеп (бір ауысымда) пайдалануға беріледі. Осылайша, ағымдағы жылдың соңына дейін төрт үш ауысымды (№ 69,71,79,83), үш тығыздалған мектеп (№ 63,78, 86) мәселелері шешілетін болады. Қалған бір үш ауысымды (№37) және он бір тығыздалған мектеп мәселесі (№1,2,3,60,62,64,72,74,75,87,89) 2025 жылы шешіледі. 2025 жылы 26 241 орындық 23 мектеп (бір ауысымда) (он БИП, жеті жайлы мектеп, алты жекеменшік мектеп) пайдалануға беріледі» - дейді басқарма.

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының сыныптары 25 баладан артық емес болуы тиіс. 

Білім мекемесінің дерегінше, үшауысымды бес мектептегі және бала  саны шамадан асқан    он төрт мектептегі кейбір сыныптарында бала саны 35-ке жетіп отыр. Қалған мектептерде 25 балаға дейін отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада қандай пәндердің мұғалімдері жетіспейді
Бүгін, 11:45

Астанада қандай пәндердің мұғалімдері жетіспейді

Астанада 2025 жылға дейін қанша мектеп көзделген?
Ол өзі бұрын министр болған кезде 100 млрд-тан астам қаржы керектігін есептеп шығарған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →