×

«Ауылдық статусты қалдырыңыздар»: Алатау қаласында жалақысы азайған мұғалімдер президенттен көмек сұрады

Биыл қаңтардан бастап Жетіген ауылы Алатау қаласы болып құрылды

«Ауылдық статусты қалдырыңыздар»: Алатау қаласында жалақысы азайған мұғалімдер президенттен көмек сұрады
Видеодан скриншот

Алматы облысының жаңадан құрылған Алатау қаласында айлығы қысқарып қалған мектеп мұғалімдері көшеге шығып, президентке үндеу жолдады. Жетіген ауылы қалаға айналғаннан кейін ұстаздардың ауылдық мәртебесі жоғалып, жалақыларынан 25% үстемақыны қиып тастаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көшеге шыққан мұғалімдердің талабы – ауылдық статусты сақтап, 25 пайыз үстемақыны қайтару.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлына, депутат Дәулет Мұқаевқа, Асхат Аймағамбетовке және оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа үндеу жолдаймыз. Біз, яғни жаңадан құрылған Алатау қаласының мұғалімдері, 17 мектептің  ұстаздары бүгінгі таңда қыркүйек айының жалақысынан 25 пайыз үстемақымыздан айырылып отырмыз. Осы мәселені шешіп берулеріңізді сұраймыз. Неге? Өйткені біздің қала болып тұрған ештеңеміз жоқ. Бұрын қандай ауылда тұрсақ, қазір сол ауылда тұрып жатырмыз. Ешқандай өзгеріс жоқ. Он жыл бұрын Жетіген қандай болды, қазір де дәл сондай. Сол себепті бізге бес жылға дейін ауылдық статусымызды қалдыруларыңызды сұраймыз», - деп мәлімдеді митингке шыққан мұғалімдердің бірі.

Ал №3 орта мектептің ұстазы жуырда Мұғалімдер күніне орай өткен концертте қала әкімі бүкіл халықтың алдында 25 пайыздық үстемақы сақталатынына сендіргенін айтты.

«Бұл сонда не, алдау ма? Қандай негізбен қысқартып отыр? Меніңше, ең алдымен қандай да бір қаулы, бұйрық шығуы керек. Мұның бәрі заң бойынша болуы керек. Қала әкімі үстемақы сақталады дейді, ал бухгалтерлер қысқартылады дейді. Бізді алдап отыр. Біз қатты ашулымыз. Мектепте кішкентай балалар отырған жоқ қой, еңбек өтілі мол мұғалімдер қызмет етеді», - деп ашынды ол.

Айта кетейік, биыл қаңтардан бастап Алматы облысындағы Жетіген ауылы Алатау қаласы болып құрылған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
Кеше, 15:37

Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды

Орталық «Түркі дүниесі жастары» атты форум аясында іске қосылып отыр
ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 
13 қараша күні Талдықорған қаласы оқушылар сарайында облыстық балалар құрылтайы өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →