×

«Жұмыстан жаламен шығарды»: білім қызметкері әділдік іздеп Астанаға келді

Зарима Астанаға бір бума құжаттарымен келген

«Жұмыстан жаламен шығарды»: білім қызметкері әділдік іздеп Астанаға келді
Видеодан скриншот

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінде еңбек еткен Зарима Қожмамбетова атты азамат Астанаға келіп, әділдік іздеп жүр. Басқармада бас маман болып еңбек еткен оның үстінен іс қозғалып, сот үкімімен оған 1,5 млн теңге айыппұл салынған. Істі болған ол сотқа заңсыз тартылғанын мәлім етіп, Астанадағы шенділермен кездесуге келді. Qaz365.kz тілшісі Зарима Қожмамбетовамен кездесіп, оның шағымы неде екенін біліп көрді.

Келген себебі неде?

«25 қыркүйек күні мені жұмыстан жаламен шығарып жіберді. Мұнда келген себебім – жұмысқа қайта тұруым керек. Мен Еңбекшіқазақ ауданының Білім бөлімінде осы уақытқа дейінгі болып жатқан қылмыстардың бәрін алып келдім. Соның бәрін көрсетемін. Қазірге дейін Білім бөлімінде әртүрлі құйтырқы істер жүріп жатыр. Атап айта аламын. Облыс әкімі Алматы облысының әкімі облыстың Білім басқармасының басшысын қолдап отыр деп ойлаймын. Өйткені Салтанат Беспаева (басқарма басшысы) келіп, жиналыс ашқан сайын «әкім екеуміз бір өңірде өсіп, бір мектепте оқығанбыз, ол кісі мені қолдайды» деп, қоқан-лоқысын ұстаздарғакөрсетіп жатады. Осы күнге дейін қылмыстарын айтқаным үшін маған жала жабылып отыр», – дейді ол.

Зарима Астанаға бір бума құжаттарымен келген. Өзі жалғызбасты ана. Былтыр әкесі қайтыс болған кезде ұстаздар қауымынан бата ретінде Каспи голд нөміріне 40 мың теңге түскен. Зарима соны желеу етіп, ұстаздарды ұйымдастырып, өзіне жала жабылды деп есептейді. 

1,5 млн теңге айыппұл

«Сотта да өрескел қателіктер көрініп тұрса да, сот шешімі бойынша маған 1,5 млн теңге айыппұл салынды. Бұл жерде М.Мұқатай деген ұстаздың НОБД-да (ұстаздар базасы) мүлде жоқтығын атап өту керек. Ол жерде тіркелмесе, маған қарсы арызды ол қалай жазып кетті? Еңбекшіқазақ аудандық сотына мүлде түсініктемесі жоқ адам келді. Түсініктеме одан алынбаған. Шешімде сол адамның есімі жазылып тұр. Мені сол М.Мұқатай деген адам ойландырады. 6 адам арыз жазды дейді. Алты адамның төртеуі «Зарима бірде-бір рет бізден ақша бопсалады, сұрады» деп айтқан жоқ. Сотта оны өздері мойындады», – дейді Зарима. 

Сот қаулысы

Сот үкімі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласында орналасқан №2 сотында шыққан. Сот қаулысында Зарима Қожмамбетова 6 қарашада бір мектептегі тәрбиеші, мұғалімдер мен психологтардан, атап айтқанда 6 700 теңгеден, жалпы 40 000 теңге «заңсыз материалдық сыйақыны өзіне тиесілі «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы «тексеру барысында аталған мектептеорын алған кемшіліктерді анықтамада көрсетпеуі үшін алған» деп жазылған. Алайда бұл айыппен Зарима келіспеген.

«Иә, 7 қарашада 40 мың теңге түсіпті. 26 қарашада әкеңіз қайтыс болды? Қалай деді? Бұл жерде менің айтарым: 19 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің мамандары кабинетте жылап отырғанымды көрген. Тәрбие орынбасарлары менің сол күйімді көріп, көмек көрсетуді сұраған екен. Мен олардан ақша сұраған жоқпын. Сотта дәл осылай айттым. Мектептердің директорлары мен «завучтары» әкеңіз қайтыс болғаны үшін аздаған ақшаға осыншама дау туғызатындай барлық құжаттарды салып жіберді. Мен барлық құжаттарды алып келдім. Ешкімнен ақша сұраған емеспін. 25 завуч сотқа келіп, қатысуды сұраған кезде судья сотқа кіргізбей қойды», –  дейді ол.

Зарима Қожмамбетованың әкесі ауыр дерттен көз жұмған. Зариманың әріптестері, аудандық тәрбие мамандары қайтыс болған адамның үйіне келіп, көңіл айтумен қатар «аз да болса көмек болсын» деп, 3000-5000 теңге арасында қаражаттарды Зариманың картасына аударады. Бірақ бата жасамаған бір топ мұғалім Антикорға «арызданған».

«Сотқа келгендердің бірінің түсініктемесінде «мен ойлап қалдым», «Зарима өздеріңіз білесіздер ғой» деді дейді. Осы сөз менің жұмыстан айырылуыма себеп болып отыр. Мен мұндай сөзді ешқашан жемқорлық сөз деп танымас едім. Бірақ біздің Қазақстаның соты да, прокуратурасы, агенттігі де солай танып отыр», – дейді ол.

Зарима Антикордың облыстағы өкілінен танысу үшін іс-материалдарын ала алмағанын айтып шағымданды. Судья Айнұр Сұлтанова Заримаға «сізді жұмыстан шығармайды» дегенімен 24 қыркүйекте жұмыстан шығарған. Енді қайтадан жұмысқа орналасу үшін Зарима Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесіп, соның алдында мәселе көтергісі келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
Кеше, 15:37

Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды

Орталық «Түркі дүниесі жастары» атты форум аясында іске қосылып отыр
ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 
13 қараша күні Талдықорған қаласы оқушылар сарайында облыстық балалар құрылтайы өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →