×

Абай облысында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді

Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды

Абай облысында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Абай облысында мұғалімдер күніне орай аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов ардагер ұстаздардың үйлеріне барып, ұзақ жылғы қажырлы еңбектері үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Саналы ғұмырларын жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге арнаған қарияларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Арагер ұстаз Александра Волкова – бір ғасырдың куәсі. Қазақстанға Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін келіп, 1953 жылдан Семияр орта мектебінде бастауыш сыныптарға сабақ берді. 30 жылдық мұғалімдік жолында зейнетке шыққанға дейін бірнеше буын  ұрпақты тәрбиеледі.

“Жасым жүзден асты. Осы  күнге жетуімнің сыры балаларды, шәкірттерімді жақсы көруімнен деп ойлаймын. Еңбегімнің еш кетпегеніне қуанамын. Елеп-ескеріп келгендеріңізге аналық, ұстаздық алғысымды білдіремін”, - деді Александра Волкова.

Марватжан Байқанов ақсақал өзінің еңбек жолын 1950 жылы Башкөл мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып бастаған. Ұзақ жылдар білім бөлімін басқарып, 39 жылдық еңбек өтілімен құрметті демалысқа шыққан. Еңбек әрі тыл еңбеккері Марватжан Адхамұлы қазір Бесқарағай ауданындағы "Башкөл" татар мәдени орталығының ақсақалдар кеңесін басқарады.

Еліміздің білімді жастарын тәрбиелеп, еңбегінің зейнетін көріп отырған қариялар бүгінгі мерекеде лайықты құрметке ие болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сәтбаев университетінде халықаралық конференция өтті
07.11.2024ж. 22:02

Сәтбаев университетінде халықаралық конференция өтті

Біздің еліміз үшін қолданбалы ғылымдар өте маңызды
Ата-аналар балалардың оқу ақысын миллион теңгеге жуық төлеп қойғандарын айтады
Бұл мәселені ведомство Қаржы министрлігіне енгізген
Олар Гарвард, Оксфорд және MIT сияқты 50-ден астам елден келген оқу орындарының 437 командасын артта қалдырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →