×

"Қазтест" тестілеуін өткізудің жаңа қағидалары бекітілді

Белгілі бір деңгейдегі сертификат алу үшін әр тест блогынан шекті балл жинау керек

"Қазтест" тестілеуін өткізудің жаңа қағидалары бекітілді
dzen.ru

 ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау процесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған “Қазтест” тестілеуін өткізудің жаңа қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“ҚАЗТЕСТ тестілеуін қағаз және электронды форматта тапсыруға болады. Диагностикалық тестілеудің ұзақтығы 1 сағат 10 минут, сертификаттық тестілеу үшін 2 сағат 7 минутты құрайды. Тест «Тыңдалым» бөлігі бойынша 20 тапсырмадан, «Оқылым» бөлігі бойынша 40 тапсырмадан, «Жазылым» бөлігі (тек сертификаттық тестілеу үшін) бойынша 2 жазбаша тапсырмадан және «Айтылым» бөлігі (тек сертификаттық тестілеу үшін) бойынша 2 ауызша тапсырмадан тұрады”, – делінген хабарламада.

Белгілі бір деңгейдегі сертификат алу үшін әр тест блогынан шекті балл жинау керек. Шекті балл дұрыс жауаптардың 30%-дан 80% аралығын құрайды. Бұл ретте «Жазылым» және «Айтылым» бөліктерінің максималды балы 50 балл болып табылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҰБТ-2025: Бүгін елімізде тестілеудің негізгі кезеңі басталды
Кеше, 11:40

ҰБТ-2025: Бүгін елімізде тестілеудің негізгі кезеңі басталды

Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын
Бейнежазба желі қолданушыларының қызу талқысын тудырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →