×

Бюджет тапшы болғанымен Үкімет Астанадағы форумды 4,5 млрд теңгеге өткізбекші. Жұмағарин себебін түсіндірді

Бұл форумның тарихы 2008 жылдан басталады

Бюджет тапшы болғанымен Үкімет Астанадағы форумды 4,5 млрд теңгеге өткізбекші. Жұмағарин себебін түсіндірді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сенат брифингінде Астана экономикалық форумын өткізуге 4,5 миллиард теңге жеткілікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл форумның тарихы 2008 жылдан басталады. Covid-19 кезінде екі жыл қатарынан өткізілмеді, былтыр су тасқынына байланысты тағы бір жылға тоқтатылды. Дегенмен, бұл – Қазақстанның визиттік карточкасы. Мұндай форумдар қажет, өйткені олар елімізге беделді, белсенді және ықпалды адамдарды тартады. Әлемнің түкпір-түкпірінен президенттер, бизнесмендер мен танымал тұлғалар келеді. Бұл – Қазақстанды таныстырудың, инвестиция тартудың мүмкіндігі. Сондықтан неге өткізбеске? Өткіземіз. Әрине, биыл Үкіметтің қаулысымен қаражат жетпесе, бюджеттен бөлу қарастырылуы мүмкін. Алайда маған берілген тапсырма – демеушілер есебінен қаржы табу. Егер мүмкіндік болса, бюджеттен мүлде қаражат бөлінбейді, - дейді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, Астана халықарылық форумын өткізуге 4,5 млрд теңге жеткілікті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →