×

ҚҚС қашан қабылданады және ол кімдерге әсер етпейді? Жұманғарин түсіндірді

ҚҚС қашан қабылданады және ол кімдерге әсер етпейді? Жұманғарин түсіндірді
Фото: primeminister.kz

Сенат кулуарында премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елімізде қосымша құн салығын 20 пайызға көтеруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында бағдарлама жасадым. Ол бағдарламамда қосымша құн салығын 20 пайызға көтеру туралы бір сөз де айтылмаған. Сол себепті осы әңгімені қою керек. Қазіргі таңда бизнес өкілдерімен, сарапшылармен өзара пікір алмасудамыз. Содан кейін Үкімет өзінің шешімін қабылдайды, - деді ол.

Ұлттық экономика министрінің сөзінше, келесі аптадан бастап алты жұмыс тобы барлық өңірге шықпақ.

Біз бизнес өкілдерімен кездесеміз. Оның ішінде мәслихат депутаттары да бар. Олармен тағы талқылаймыз. Сосын барып қана шешім қабылдаймыз. Қазір ол туралы айтуға ерте, - деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ ол қосылған құн салығын көбейту туралы ұсыныс 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізілетінін атап өтті.

Қазір Мәжілісте Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобасы жатыр. Соған қосымша ретінде біздің түзетулер енеді, - дейді ұлттық экономика министрі.

Ол ұсынылған реформаның кімге әсер етпейтінін тағы да түсіндіріп өтті.

Біз халықпен жұмыс істейтіндердің, бөлшек саудамен айналысатындардың (үй маңындағы дүкендер, дүңгіршектер, палаткалар, шағын дүкендер, мейрамханалар, шаштараздар) барлығына бұл реформаның еш қатысы жоқ екенін айтумен келеміз. Олар бөлшек сауда режимінде жылдық жиынтық табысының 2,4 миллиард деңгейіндегі шегімен, әдеттегідей 4% төлеп, жұмысын жалғастыра береді. Олардың өмірінде ешқандай өзгеріс болмайды, - деп сендірді премьер-министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, жоспарланған реформа бизнестің өте тар санатына қатысты.

Ал отбасын асырап, халықпен жұмыс істеп, базарда сауда жасайтындардың барлығына бұл реформаның еш әсері жоқ - бөлшек сауда салығы қалады. Әзірге біз олардың жылдық жиынтық табысын азайту немесе көбейту туралы ұсыныстарды қарастырып жатқан жоқпыз. Әкiмдерде, бәлкiм әлі қалып тұр, оны алып тастаймыз, тiптi төмендету мүмкіндігін. Біз оны бірнеше жерде егжей-тегжейлі түсіндіріп бергенімізбен, көбі реформаның мәнін түсінбейді", - дейді еліміздің бас экономисі. 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →