×

"Ерке балалар": Банктер үкіметтен 40 млрд доллар көмек алған – Қожаназаров

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров елдегі банк жүйесін сынға алды

"Ерке балалар": Банктер үкіметтен 40 млрд доллар көмек алған – Қожаназаров
Сурет: Jibek Joly/"Уәде" бағдарламасы

Respublica партиясының төрағасы, ҚР Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» жобасына сұхбат берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сұхбат барысында Айдарбек Қожаназаров Қазақстандағы банк жүйесінің мемлекеттік қолдауға қарамастан, халықтың мүддесіне қызмет етпей отырғанын сынға алды.

«(Банктер) Ерке бала демесек, оларды кім дейміз? 2009 жылдан бері банктерге 6,6 трлн теңге қаржылай көмек берілді. Қай сала осындай көлемде көмек алды? 2009 жылы доллардың бағамы 150-180 теңге аралығында болды. Бұл шамамен 40 млрд доллар деген сөз. 40 млрд долларды үкімет банктерге бөлді. Ерке бала болмай, кім олар?» – деп атап өтті Қожаназаров.

Сонымен қатар партия төрағасы, жыл сайын банктер 2 трлн теңгеге дейін салықтық жеңілдіктер алып отырғанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Салық кодексіне өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Құдай қаласа, бұл жеңілдіктерге тосқауыл қоймақпыз», –  деді депутат.

Банктердің 1,9 трлн теңге көлемінде дивиденд таратқанын атап өткен Қожаназаров, бұл көрсеткіштің үкіметтен алған жеңілдіктермен тең екеніне назар аударды.

«Егер осы жеңілдіктерді алып тастасақ, банктердің тиімсіз жұмыс істеп жатқанын түсіну үшін математик немесе қаржы маманы болудың қажеті жоқ», –  деді ол.

Сондай-ақ, Қожаназаров банктердің қазіргі пайыздық мөлшерлемелерін де сынап, олардың табысы мен тиімділігін қайта қарау қажеттігін айтты.

«Егер банктер 1,9 трлн теңге көлемінде дивиденд алмаса, 100-200 млрд теңге ғана табыс тапса, онда олар несие пайыздарын төмендете алмайтынына сенуге болар еді. Бірақ шын мәнінде, олар қыруар табыс тауып отыр. Алайда экономикамызға ешқандай көмек көрсетіп жатқан жоқ», –  деп қорытындылады депутат.

Еске сала кетейік, осыған дейін біз Алматыда Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин БАҚ өкілдерімен кездесіп, ҚҚС көтеруге болмайтын салаларды атағаны туралы  жазған болатынбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлттық Урбан форумы алғаш рет Қызылорда қаласында өтеді
30.06.2025ж. 14:52

Ұлттық Урбан форумы алғаш рет Қызылорда қаласында өтеді

Ұлттық Урбан Форум – 2025  шарасы – Қазақстандағы жаңа урбанистік мәдениетті қалыптастырудағы өңірлердің рөлін айқындау алаңы
2024 жылдың қорытындысы бойынша бюджет тапшылығы 3,7 трлн теңгені құраған
Биыл 1 сәуірде «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бекітілген
МФЦА резиденттеріне бақылау жүргізетін арнайы реттеуші – AFSA бар екені еске салынды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →