×

Қазақстаннан шыққан бал Еуропа елдерінде сатылады

Қазақстан 2023-2024 жылы 4 мың тоннаға жуық бал өндірген

Қазақстаннан шыққан бал Еуропа елдерінде сатылады
Сурет: nz.pinterest.com

 ҚР ресми түрде Еуропалық Одақ елдеріне бал экспорттауға рұқсат алды. Тиісті қаулы 2025 жылдың 21 ақпанында Еуропалық Комиссия тарапынан жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

“Қазақстандық бал енді Еуропа нарығына тасымалданады. Еуропалық Одақ елімізді балды экспорттаушы мемлекет ретінде бекітті.Комитет ұсынылған құжаттарды қарап, оларды TRACES-NT жүйесі арқылы Еуропалық Одақ Комиссиясына жіберу үшін дайындайды.Жаңа регламент ЕуроОдақтың ресми журналында жарияланғаннан кейін 20 күннен соң күшіне енеді. ЕуроОдақ бал өндіруден әлемде Қытайдан кейінгі екінші орында. Дегенмен, өз тұрғындарының балға деген сұранысын тек 63 пайызға қамтуға қауқарлы. Қалғанын шет елден сатып алады”, – делінген министрлік хабарламасында.

Біздің ел 2023 жылы 4 мың тоннаға жуық бал өндіріп, оның 228 тоннасын Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері мен Иорданияға экспорттаған. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлттық банк талдауы: ақша массасы инфляцияға қалай әсер етеді?
Кеше, 16:44

Ұлттық банк талдауы: ақша массасы инфляцияға қалай әсер етеді?

Қазақстанда биылғы жылдың қаңтар айында инфляция көлемі 8,9%-ға жетті
Форум барысында тараптар Мерсин провинциясында АЭС салу жобасын талқылады
Мерсиннің ірі кәсіпорындарын, индустриялық-өнеркәсіптік аймағын аралады
Алматы облысында 2,5 трлн теңге сомасына 114-тен астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →