×

Қазақстандағы қаржы нарығының рейтингін үш халықаралық агенттік жасайды

Бұл компаниялардың нарықтағы үлесі 90-95%-ды құрайды

Қазақстандағы қаржы нарығының рейтингін үш халықаралық агенттік жасайды
Сурет: lsm.kz

Қазақстандағы рейтингтік қызметтер нарығы үш халықаралық рейтингтік агенттікпен қамтылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚНРДА Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Айдын Дәулетбақ ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

“Әр түрлі бағалауларға сәйкес, әлемдік рейтингтік қызметтер нарығында халықаралық рейтингтік агенттіктердің, оның ішінде Moody 's, Fitch және Standard & Poor' s компанияларының үлесі 90-95%-ды құрайды. Қазақстанда да осындай жағдай байқалады. Аталған агенттіктердің ресми деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 75 отандық компанияның 101 кредиттік рейтингі болған. Ірі компанияларда бірнеше агенттіктен рейтинг алынған. Оның ішінде 25% Moody 's компаниясы, 42% Fitch, ал 34% Standard & Poor' s компаниясы берген.Осылайша, Қазақстандағы рейтингтік қызметтер нарығы үш қана рейтингтік агенттікпен толықтай қамтылған. Бұл елімізде рейтингтік қызметтер нарығының өте жоғары шоғырланғанын көрсетеді», –  деді Айдын Дәулетбақ .

Еске сала кетейік, қаржы саласындағы компаниялардың, мемлекеттердің міндеттемелерінің және қаржы құралдарының сенімділігін бағалауда рейтингтік қызметтер маңызды рөл атқарады. Олар инвесторларға ақпаратпен негізделген шешім қабылдауға, рететуші органдарға нарықтың ашықтығын қамтамасыз етуге, ал бизнеске қолайлы шарттармен қаржы тартуға мүмкіндік береді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →