×

Жамбыл облысында Орталық Азиядағы жүгеріні терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

Жамбыл облысында Орталық Азиядағы жүгеріні терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

​Жамбыл облысында «Shengtai Biotech Co., Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүгеріні терең өңдеу бойынша аса маңызды, ауқымды инвестициялық жобасын жүзеге асыру басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

​Зауыттың іргетасын қалау рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты. Жобаның бастамашысы – биоөнімдерді өндіретін халықаралық Fufeng Group компаниясы.

Зауыттың қуаттылығы жылына 500 мыңнан 1 млн тонна жүгері өндіруге жетіп, кейіннен 3 млн тоннаға дейін өседі. Инвестиция көлемі шамамен 420 млрд теңгені құрайды.

​Жоба құрылыс кезеңінде 6000 жұмыс орнын ашуға, ал пайдалануға берілгеннен кейін 1500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді (бастапқы кезеңде 400 жұмыс орны ашылады).

​Компания биыл 2026 жылдың өнімін өңдеу үшін 300 мың тонна жүгері сатып алуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын жамбылдық шаруалармен офтейк-келісімшарттар жасасып, өзара тиімді әріптестіктің берік негізін қалауды көздейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →