×

Қазақстанның сыртқы саудадағы басты үш серіктесі анықталды

Қазақстанның экспорттық кірісі 2024 жылы 81 млрд АҚШ доллларынан асқан

Қазақстанның сыртқы саудадағы басты үш серіктесі анықталды
Коллаж: kaz.orda.kz

Өткен жылы Қытай, Ресей және Италия – Қазақстанныңсыртқы саудадағы басты серіктестері болған, еп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“2024 жылы Қазақстан сыртқы экономикалық ққарым-қатынасы тұрақты өсуіп, дәстүрлі нарықтардағы позициясын нығайтып, минералды ресурстардың сенімді экспорттаушысы мәртебесін сақтап қалды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытай, Ресей және Италия еліміздің ірі сауда серіктестері болды — дәл осы үш мемлекетке экспорттың да, импорттың да негізгі көлемі тиесілі. Қазақстанның экспорттық кірісі 2024 жылы 81 млрд АҚШ доллларынан асты. Бұл соманың жартысынан астамы, яғни 42,9 млрд АҚШ доллары  шикі мұнайға тиесілі, бұл бүкіл қазақстандық экспорттың 52,5% құрайды. Сонымен қатар, ел сыртқы нарыққа  уран ( 4,6 млрд АҚШ доллары), мыс және мыс катодтарын (4,1 млрд АҚШ доллары), сондай-ақ мыс кендері мен концентраттарын 3,2 млрдАҚШ доллары) белсенді түрде жеткізді”, – делінген министрлік ақпаратында.

2025 жылы Қытаймен, Ресеймен және Еуропалық Одақ елдерімен стратегиялық әріптестікті дамыту, сондай-ақ Орталық Азия нарықтарындағы позицияларды нығайту басым болып қала бермек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан АСЕАН+3 облигациялар нарығы форумында бақылаушы мәртебесін алды
Бүгін, 15:34

Қазақстан АСЕАН+3 облигациялар нарығы форумында бақылаушы мәртебесін алды

Азиат облигациялар нарығы көлемі бойынша әлемде АҚШ пен ЕО-дан кейін үшінші орында тұр
Қазақстандық ғалымдар жылқы шаруашылығы өнімдерін селекциялау мен қайта өңдеуге өз үлестерін қоса бастады  
Сәуірде Ұлттық қордан 968 млн АҚШ долларына валюта сатылған. 
Өңірде IT инкубация, жол картасы және цифрландыру арқылы 2024 жылы ондаған жұмыс орны ашылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →