×

Қазақстан АСЕАН+3 облигациялар нарығы форумында бақылаушы мәртебесін алды

Азиат облигациялар нарығы көлемі бойынша әлемде АҚШ пен ЕО-дан кейін үшінші орында тұр

Қазақстан АСЕАН+3 облигациялар нарығы форумында бақылаушы мәртебесін алды

Қазақстан АСЕАН+3 облигациялар нарығы форумында (ASEAN+3 Bond Market Forum) бақылаушы мәртебесін ресми түрде алды. Бұл шешімді АСЕАН+3 елдерінің қаржы министрлері мақұлдады, деп хабарлады  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.

АСЕАН+3 құрамына Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының 10 елі, сондай-ақ Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея кіреді. Форумның басты мақсаты – мультивалюталық облигацияларды шығару механизмі (ASEAN+3 Multi-Currency Bond Issuance Framework) арқылы Азияда интеграцияланған облигациялар нарығын қалыптастыру. Бұл қазақстандық эмитенттерге Қытай, Жапония, Корея, Малайзия секілді елдердің нарықтарына бір уақытта шығу мүмкіндігін береді.

Азиат облигациялар нарығы көлемі бойынша әлемде АҚШ пен ЕО-дан кейін үшінші орында тұр. Қазақстан үшін бұл халықаралық капитал нарығына кеңірек жол ашып, жаңа инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның облигациялар нарығының жалпы көлемі $100 млрд-қа жетті. 2025 жылы Азия Даму Банкі Қазақстан облигациялар нарығына арналған жолкөрсеткішін жариялауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Агенттік сайтында Бағалы қағаздар нарығы департаменті директорының орынбасары Әділ Мамажановтың Азиат облигация нарығын дамыту бастамасы (ABMI) аясындағы бақылаушы мәртебесінің артықшылықтары туралы аналитикалық материалы жарияланған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан бюджет тапшылығын екі есе азайтпақ
Бүгін, 15:47

Қазақстан бюджет тапшылығын екі есе азайтпақ

2024 жылдың қорытындысы бойынша бюджет тапшылығы 3,7 трлн теңгені құраған
Биыл 1 сәуірде «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бекітілген
МФЦА резиденттеріне бақылау жүргізетін арнайы реттеуші – AFSA бар екені еске салынды
Бұл — 2010 жылдан бері алғаш рет берілген жаңа банктік лицензия.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →