×

Инфляцияны тежеу үшін Ұлттық банкке қатаң ақша-несие саясатын сақтауы қажет – сарапшылар пікірі

Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 2025 жылдың алғашқы төрт айында 6%-ға өскен

Инфляцияны тежеу үшін Ұлттық банкке қатаң ақша-несие саясатын сақтауы қажет – сарапшылар пікірі
Сурет: pexels.com

Елімізде базалық мөлшерлеме жоғары деңгейде сақталып отырғанына қарамастан, Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 2025 жылдың алғашқы төрт айында 6%-ға өсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сарапшылардың пікірінше, бұл ретте инфляциялық қысым сақталып отыр. Сондықтан Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жалғастыруы керек.

Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетовтің айтуынша, жоғары базалық мөлшерлеме жағдайында ЖІӨ-нің өсуі белсенді несиелеу есебінен емес, фискалдық ынталандыру мен мемлекеттік шығындардың, әсіресе инфрақұрылымдық жобаларға бағытталған қаржының артуы есебінен жүзеге асып жатыр.

«Бұл қаражаттар халыққа жалақы, компаниялардың пайдасы ретінде жетіп, ЖІӨ-нің өсуіне себеп болады. Мұндағы негізгі қозғаушы факторлар – мемлекеттік және тұтынушылық шығындар. Фискалдық ынталандыру және мемлекеттік шығындардың артуы жағдайында қаржының түрлі салалар арасында қайта бөлінуі қалыпты құбылыс. Сондай-ақ, жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен қарыз қаражатының қымбаттығы экономикалық процестердің негізгі қозғаушы күші бола бермейді. Біздің жағдайда мемлекет экономиканың белсенді қатысушысы болғандықтан, несие саясатының әсері шектеулі», – деп түсіндірді сарапшы.

Оның ойынша, базалық мөлшерлеме қазіргі – 16,5% шамасында сақталады. Алайда бұл шешімге макроэкономикалық жағдай, соның ішінде Украинадағы қақтығыстың өрбуі мен бейбіт бастамалардың іске асуы айтарлықтай әсер етеді. Егер олар жүзеге асса, макроэкономикалық жағдай да жақсаруы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде еліміздің экономикалық жағдайына ықпал етеді. 
Дегенмен, сарапшының айтуынша, қатаң ақша-несие саясатының әсері қазірдің өзінде байқала бастаған. Оның басты себебі маусымдық факторлар болып отыр.

«Инфляциялық күтулердің аздап төмендегені сезіледі. Бұл маусымдық факторларға да байланысты. Бірақ мемлекеттік бюджеттің экономикаға белсенді қатысуына байланысты несиелік нарық инфляцияға айтарлықтай әсер етпейді. Мұндағы негізгі фактор – мемлекеттік шығындар, ал олардан қазіргі жағдайда бас тарту мүмкін емес. Сондықтан несие нарығының ықпалы шектеулі және көбінесе тұтынушылық секторда көрініс табады», – деді сарапшы.

Еске сала кетсек, наурыз айының басында Ұлттық банк инфляция бойынша болжамдарын едәуір қайта қарап, 2025 жылға арналған болжамын 10-12% шегінде белгіледі. Сарапшылардың пікірінше, инфляциялық қысымды тежеу үшін Ұлттық банкке қатаң монетарлық саясатты сақтау қажет.

Бұған дейін Halyk Finance сарапшылары 2025 жылдың соңына қарай инфляция деңгейіне қатысты өз болжамдарын ұсынды. Олар негізгі сценарий бойынша, яғни қатаң ақша-несие жағдайы мен экономиканың қазіргі даму параметрлері сақталған жағдайда жылдық инфляция 9-10% деңгейінде болады деп есептейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан АСЕАН+3 облигациялар нарығы форумында бақылаушы мәртебесін алды
06.05.2025ж. 15:34

Қазақстан АСЕАН+3 облигациялар нарығы форумында бақылаушы мәртебесін алды

Азиат облигациялар нарығы көлемі бойынша әлемде АҚШ пен ЕО-дан кейін үшінші орында тұр
Қазақстанның экспорттық кірісі 2024 жылы 81 млрд АҚШ доллларынан асқан
Қазақстандық ғалымдар жылқы шаруашылығы өнімдерін селекциялау мен қайта өңдеуге өз үлестерін қоса бастады  
Сәуірде Ұлттық қордан 968 млн АҚШ долларына валюта сатылған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →