×

Райымбек ауданы энергетика саласында электр қуатын тұтынушы аймақтан ірі өндірушіге айналмақ

Өңірде электр қуаты таудан аққан өзен суынан өндіріліп отыр

Райымбек ауданы энергетика саласында электр қуатын тұтынушы аймақтан ірі өндірушіге айналмақ
Сурет: Qaz365.kz

Ұлттық статистика бюросының есебі бойынша, Алматы облысында қазір электр энергиясы Қонаев қаласынан басқа Райымбек, Кеген,Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле аудандарында өндіріледі. Алғашқы тоқсанда Райымбек ауданында 395,4 мың КВт/сағат электр қуаты өндірілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыс орталығынан ең шалғайда жатқан бұл аудан өзінің ішкі сұранысына қажетті 3 МВт электр қуатының 2,2 МВт-ын өзі өндіруде.  Оны 2024 жылдың ақпан айында пайдалануға берілген Қақпақ ауылдық округіндегі «Орта Қақпақ» су электр станциясында жүзеге асыруда. Өңірдегі  ең ірі инвестициялық жобаның құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Бұл су электр стансасының құрылысын «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында «DAMU» инвестициялық қорының қолдауымен осы жобаға қатысушы «Tekes Energy» ЖШС қаржыландырған болатын. «Орта Қақпақ» су электр станциясында өндірілген энергия электр желісі арқылы 12 шақырым жердегі Қайнар  ауылындағы қосалқы тарату станциясына жеткізіледі.

«Райымбек ауданының электр қуатына деген сұранысы 3 МВт-ты құрайды. Ол Шелек пен Қонаев қаласындағы электр қуатын тарату орталықтарынан алынып отыр. Мұнда сәуірден қыркүйекке дейін таудан аққан өзен суының деңгейі көтеріледі де, содан кейін қайта түсе бастайды.  Сол себепті су көлемі аз кезде 850-950 КВт электр қуаты өндіріледі. Тау басындағы қардың еруіне байланысты мұнда кешкі 20:00-ден таңғы 10:00-ге дейін судың көлемі ұлғаятындақтын  2,2-2,3 МВт электр қуатын өндіріп  отырмыз», –  дейді «Орта Қақпақ» су электр станциясының құрылтайшысы Жанұзақ Қонаев.  

Оның айтуынша, қазір бұл су электр станциясы ауданның электр қуатына деген сұранысын жай уақытта 70 пайызға дейін жауып отыр. Бастаған істі аяғына дейін жеткізу үшін енді келесі жылы 3 шақырым жердегі Үлкен Қақпақ өзенінен қуаты 4,9 МВт болатын екінші су электр станциясын салуды жоспарлауда. Райымбек ауданынындағы  өзендерінің бәрі Текес өзеніне қосылып, ол Қытайға кірген соң Іле өзеніне айналып ары қарай кетеді. Сондықтан өңірдегі бұл өзендерінің қуатын электр энергиясын өндіруге пайдалану арқылы Райымбек ауданы енді  тұтыншыдан ірі қуат көзін өндірушіге айналуына мүмкіндік мол. Сол себепті алдағы уақытта Байынқол өзенінде де су электр станциясын салу жоспарлануда.

Жалпы электр қуатына деген сұраныс көлемі көршілес Кеген мен Ұйғыр аудандарын қосқанда  26-27 МВт-қа дейін жетеді екен. Егер Райымбек ауданы тек мал шаруашылығы саласында ғана емес, электр қуатын өндіруде де  өз әлеуетін тиімді пайдаланылатын болса өңір тұрғындарын жұмыспен қамту үшін жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына өз әсерін тигізері анық.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жамбыл облысы Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады
20.05.2025ж. 21:10

Жамбыл облысы Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

Инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге (190,8 млрд теңге) өскен
Салық төлемеген қалған блогерлерге қатысты жүргізілген жұмыс нәтижесі қосымша хабарланады.
Зейнетақы жинақтары қайда инвестицияланатыны, шоттағы сома неге азайып кететіні туралы айтылды
Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 2025 жылдың алғашқы төрт айында 6%-ға өскен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →