×

Елімізде картон мен қағаз өндіретін жаңа зауыт салынбақ

Жаңа зауыттың құрылысы мен техникалық жабдықтарына 37,1 млрд теңге бөлінген

Елімізде картон мен қағаз өндіретін жаңа зауыт салынбақ
Сурет: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Алматы қаласының индустриялық аймағында жаңа картон мен қағаз өндіретін зауыт салынады,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.

«Жасыл даму» АҚ мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ бірлесіп, Алматы қаласының индустриялық аймағында жаңа картон мен қағаз өндіретін зауыт салу үшін 37,1 млрд теңге көлемінде инновациялық жобаны қаржыландырды. Болашақ кәсіпорынның бірегейлігі – шикізат ретінде қайта өңделген макулатураны пайдалануында, бұл экологиялық жүктемені азайтып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға септігін тигізеді. «KZ Recycling» ЖШС – Қазақстан бойынша ғана емес, Ресейдің бірнеше қалаларында да макулатура жинау бойынша кең өкілдік желісі бар жалғыз отандық компания. Мемлекеттік деңгейде қолдау тапқан жоба жаңа өндірістік кешеннің құрылысын және қолданыстағы зауытты жаңғыртуды қамтиды. Бұл гофрлеу қағазы, гофрленген картонның тегіс қабаттарына арналған картон және гипсокартон бұйымдарына арналған қаптау картонын өндіру көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде құрамында масса дайындау қондырғылары, қағаз жасау машиналары, ағын суларды тазарту құрылғылары мен қазандықтар секілді жоғары технологиялы жүйелермен жабдықталған қағаз және картон өндіру желісі іске қосылады.Құрылыс-монтаж жұмыстарына 12 млрд теңге қарастырылған, ал жабдықтар мен арнайы техниканы лизингке сатып алуға тағы 25,1 млрд теңге бөлінген”, – делінген министрліктің хабарламасында.

Осылайша, бұл жоба – Қазақстандағы қайта өңдеу және қаптама материалдарын өндіру саласындағы ең ірі инвестициялық жоба болып табылмақ. Ол жаңа жұмыс орындарының ашылуына, экологиялық жағдайдың жақсаруына және елдің халықаралық «жасыл» нарықтардағы позициясын нығайтуға септігін тигізеді.


 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның сыртқы қарызы 170 миллиард доллардан асты
10.07.2025ж. 17:45

Қазақстанның сыртқы қарызы 170 миллиард доллардан асты

Жыл басынан бері көрсеткіш 5,7 миллиард долларға өскен.
Түркістан облысында тәулігіне 3 тонна сүт өңдейтін кооператив іске қосылады
Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдер үшін жеткізілімдердің барлық көлеміне 25 пайыздық бірыңғай мөлшерлеме белгіленген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →