×

Қазақстаннан шетелге криптовалюта арқылы 15 млрд доллар шығарылған

Агенттік басшысының орынбасары Ұлттық банк дерегін ресми мәлімет ретінде қарастыруға әлі ерте деген пікір айтты.

Қазақстаннан шетелге криптовалюта арқылы 15 млрд доллар шығарылған
Фото: invest-rating.ru

Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазақстаннан криптовалюта арқылы 15 млрд доллар шығарылған» деген ақпараттың рас-өтірігін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жуықта Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қазақстандықтар 15 млрд теңгеге криптоактив сатып алғанын мәлім етті. Сіз ұсынып отырған заң жобасы осындай операциялар арқылы активтерді жылыстату әрекеттерін тоқтата ала ма? Криптоактив арқылы сыртқа ақша жылыстатқан тұлғаларды анықтау бағытында жұмыс жүргізіп жатырсыздар ма, — деп сұрады депутат Марат Бәшімов.

Агенттік басшысының орынбасары Ұлттық банк дерегін ресми мәлімет ретінде қарастыруға әлі ерте деген пікір айтты.

Шын мәнінде 15 млрд долларды криптоактив ретінде шығарды деп айтуға әлі ерте шығар. Өйткені бұл мәліметтер блокчейнге сараптама жасайтын компаниялардан алынған. Біз осы есептердің әдістемесін сұраттық. Шынын айтсам, ол есептерден көп сұрақ туындайды. Сондықтан мұндай цифрлар туралы айтуға әлі ерте деп ойлаймын, — деді ол.

Агенттік өкілі қазір Қазақстан аумағында цифрлық активтер айналымына тыйым салынғанын еске салды.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов «елден шығарылған криптоактивтердің көлемі 15 миллиард доллар болып отыр. Себебі азаматтардың криптоактивтерге еркін инвестиция сала алуы үшін әкімшілік-құқықтық реттеу жеткіліксіз болды» деген еді.

Еске салсақ, бұған дейін биткоин бағасы алғаш рет 110 мың АҚШ долларынан асқаны хабарланған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның сыртқы қарызы 170 миллиард доллардан асты
10.07.2025ж. 17:45

Қазақстанның сыртқы қарызы 170 миллиард доллардан асты

Жыл басынан бері көрсеткіш 5,7 миллиард долларға өскен.
Түркістан облысында тәулігіне 3 тонна сүт өңдейтін кооператив іске қосылады
Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдер үшін жеткізілімдердің барлық көлеміне 25 пайыздық бірыңғай мөлшерлеме белгіленген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →