×

«Бағасы 16 мың теңге». Үржарға Астанадан мен Алматыдан SCAT күн сайын ұшатын болды

. Алакөл жағалауын абаттандыруға облыстық бюджеттен 658 миллион теңге бөлінген.

«Бағасы 16 мың теңге». Үржарға Астанадан мен Алматыдан SCAT күн сайын ұшатын болды
Берік Уәлидің парақшасынан

Абай облысының Үржар ауданына қазақстандық SCAT әуе компаниясының ұшақтары қатынай бастады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бүгін Үржар ауданының Үржар ауылындағы әуежайға алғаш рет «SCAT» әуе компаниясының «CRJ-200» жолаушылар ұшағы қонды. Бұл аудан тұрғындары үшін тарихи сәт болғаны анық. Өйткені халық осыған дейін «АН-24» ұшағымен қатынап келген болатын. Енді «Үржар-Алматы» және «Үржар-Астана» бағыттары бойынша әуе рейстері аптасына 7 рет, яғни күн сайын орындалады. Канадада шығарылған «CRJ-200» ұшағы 50 жолаушыға есептелген. Әуе кемесі жайлы әрі өңіраралық бағыттарға ыңғайлы.Әуе қатынасы мемлекет тарапынан субсидияланған. Сол себепті билет бағасы да қолжетімді. Яғни жергілікті тұрғындарға ғана емес, Алакөл туристік аймағына келетін қонақтар үшін де өте қолайлы, - дейді Абай облысының әкімі Берік Уәли.

Оның айтуынша, қазір туристік маусымға дайындық қарқынды жүргізіліп жатыр. Алакөл жағалауын абаттандыруға облыстық бюджеттен 658 миллион теңге бөлінген.

 Бұл қаражатқа 2018 жылдан бері жөндеу көрмеген Арбат жаңартылып, жағалаудағы 5 шақырымға жуық жолға асфальт төселіп, қосымша дәретханалар, киім ауыстыратын кабиналар қойылады, қоқыс жәшіктері мен бейнебақылау камераларының саны артады. Бұдан бөлек, туристер көп келетін Арбаттың жүктемесін азайту үшін жаңа қоғамдық кеңістік салу жұмыстарын бастап кеттік.Қысқасы, биылғы шомылу маусымына жан-жақты дайындалып жатырмыз, - дейді әкім.

Билет бағасы – бір бағытқа 16 мың теңге.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1 маусымнан бастап ай сайынғы аударым 300 мыңнан асса бірден тексереді
Бүгін, 14:28

1 маусымнан бастап ай сайынғы аударым 300 мыңнан асса бірден тексереді

Азаматтар бұл қаражаттың бизнестен түспегенін дәлелдеу керек болады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →