×

Ұлытау облысында 4 теміржол вокзалы қайта жаңарады

Мердігер тарапынан техника мен мамандарды жұмылдыру жұмыстары басталды.

Ұлытау облысында 4 теміржол вокзалы қайта жаңарады

Ұлытау облысында биыл 4 теміржол вокзалын қайта жаңарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес биыл Ұлытау облысындағы Жезқазған, Қаражал, Жаңаарқа және Қызылжар станцияларындағы 4 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жоспарланған.

Бүгінгі таңда Жезқазған қаласындағы вокзал бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен мердігер ұйым арасында теміржол вокзалын реконструкциялау жөнінде келісімшарт жасалды. Мердігер тарапынан техника мен мамандарды жұмылдыру жұмыстары басталды.

Алдағы уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, жобада жолаушыларға қажетті бөлмелері бар жаңа вокзал ғимаратын салу көзделген.

Сонымен қатар, жолаушылардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында галерея салу және перронды кеңейту қарастырылған.

Қаражал қаласы, Жаңаарқа ауданы және Қызыжар станциясындағы вокзалдарды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Инвесторлар Зайсан ауданында табиғи газ өндіруге мүдделі
23.07.2025ж. 16:04

Инвесторлар Зайсан ауданында табиғи газ өндіруге мүдделі

Кездесу Шығыс Қазақстанның тұрақты дамуы бағытындағы стратегиялық әріптестіктің тағы бір маңызды кезеңі болды.
Жоба "Ашық НҚА" порталында 23 шілдеге дейін талқыланады.
Марапаттарды ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов өңірге жұмыс сапары барысында арнайы табыс етті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →