×

"Дәл болжам жасаушы институт": Экономикалық зерттеулер институты халықаралық номинацияға ие болды

Институт 130-дан астам ел арасынан үздік зерттеу жасаған

"Дәл болжам жасаушы институт": Экономикалық зерттеулер институты халықаралық номинацияға ие болды
Сурет: kapital.kz

ҚР Экономикалық зерттеулер институты дәл болжам жасаушы институт ретінде халықаралық сыйлықтың иегері атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Экономика министрлігі мәлімдеді.

“ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ беделді халықаралық FocusEconomics Analyst Forecast Awards 2024 премиясының жеңімпазы атанып, Kazakhstan Current Account номинациясы бойынша 1-орынға ие болды. Аталған премия жыл сайын әлемнің 130-дан астам елінен қатысатын макроэкономикалық болжам жасайтын ұйымдар арасында нақты болжам үшін беріледі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Институт ондаған халықаралық сараптамалық орталық, инвестициялық банктер мен зерттеу агенттіктері арасында үздік нәтиже көрсетіп, көш бастады.

Сондай-ақ, Институт Real and External Sector және Overall Categories секілді жиынтық санаттарда да үздіктер қатарынан көрініп, болжамдарының кең ауқымдылығы мен дәлдігін тағы бір мәрте дәлелдеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Форумға бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, бөлшек сауда желілері, электрондық коммерция, сондай-ақ HoReCa секторының өкілдері қатысуда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →