×

4 мың орнына 390 тонна: Маңғыстауда 10 есе төмен өнім шығарған өндіріс орны анықталды

Көрсетілген мәселе компанияны қиын жағдайларға әкелген

4 мың орнына 390 тонна: Маңғыстауда 10 есе төмен өнім шығарған өндіріс орны анықталды
Сурет: Бейнеден кадр

Маңғыстау облысында өз жүктеме мүмкіншілігінен 10 есе төмен өнім шығарған өндіріс орны анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

“Жоғары қадағалау органының тапсырмасы негізінде Маңғыстау облысының прокуратурасы жұмыс істемейтін және өндірістік жүктемесі төмен кәсіпорындардың қызметін қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізуде. Солардың бірі – битум негізінде оқшаулау материалдарын шығаруға маманданған «Satex chemie» ЖШС-і. 4 мың тонна көлеміндегі өндірістік қуаттылыққа қарамастан, шығарылатын өнімнің нақты жылдық көлемі тек 390 тоннаны құрады. Мұның себебі –  шикізаттың тұрақты жеткізілімінің болмауы, өйткені жоспарлы жөндеуге байланысты негізгі жеткізуші қызметін уақытша тоқтатты. Көрсетілген мәселе компанияны қиын жағдайға әкелді. Облыс прокуратурасының бастамасы бойынша баламалы жабдықтаушы табылды, бұл өндірістік процесті тұрақтандыруға және 1 млрд теңгеге жаңа келісімшарттар жасауға мүмкіндік берді. Жұмыс барысында прокурорлар өнімді кедендік ресімдеу кезіндегі қиындықтарға қатысты тағы бір мәселені анықтады. Өнім құрамында битум болуы себепті қате түрде мұнай өнімдері санатына жатқызылып, тәуекелдерді басқару жүйесінің «қызыл дәлізіне» қосылды. Бұл өз кезегінде өндірілген тауарды уақтылы жеткізуге кедергі келтірген. Прокуратураның араласуынан кейін Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпорын өнімдерін тәуекелдерді басқару жүйесінің тізімінен жедел алып тастау бойынша шаралар қабылдады. Көрсетілген мән-жайлар қазақстандық өнімді шетелдік әріптестерге үздіксіз жеткізуді қалпына келтіруге және экспорттық міндеттемелерді сақтауға ықпал етті”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.Басқа да өндірістік жүктемесі төмен және жұмыс істемейтін кәсіпорындардың проблемаларын зерттелуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →