×

Ұлытау облысында респиратор шығаратын зауыт ашылды

Ұлытауда жеке қорғаныс құралдарын шығаратын зауыт ашылды

Ұлытау облысында респиратор шығаратын зауыт ашылды

Бұл - соңғы үш жылда өңірде жүзеге асырылған он екінші инвестжоба. Құны - 800 миллион теңге. Кәсіпорында жылына 5 миллион жеке қорғаныс құралы шығарылады, сондай-ақ 40-қа жуық азамат жұмыспен қамтылмақ. Жобаны жүзеге асырушы - «Ulytau Industrial Company» ЖШС – деп хабарлайды Qaz365.kz

Ашылу салтанатына арнайы қатысқан Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірдегі экономиканы әртараптандыру мақсатында атқарылып жатқан осындай жобалардың маңызын атап өтті. 

«Облыс әкімдігі инвестицияларды тарту және кәсіпкерлікті қолдау жұмыстарын басым міндет ретінде қарастырады. Біз инвесторларға қолайлы жағдай жасауға, тиісті кедергілерді азайтуға және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған шараларды жалғастыра береміз»-деді өңір басшысы өз сөзінде. 

Жалпы 2025 жылы өңірде жалпы құны 138 млрд теңгеге 17 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2028 жылға дейін жалпы сомасы 917 млрд теңгеге 22 жобадан тұратын инвестициялық пул қалыптастырылды. Бұл бастама 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

«Қазір Ұлытау облысының өндіріс, кәсіпорындарын қамтамасыз етеміз. Күзге қарай қуаттылығымызды арттырып, Қазақстан нарығына шығуды жоспарлап отырмыз. Ол уақытта өнімдеріміздің саны артып, қызметкерлер саны да көбеймек»-дейді инвестор Қалмұрат Мәдишев. 

Айта кетейік, экономиканы әртараптандыру мақсатында 2024 жылы Ұлытау облысында жалпы сомасы 34 млрд теңгеге 9 инвестициялық жоба іске қосылды. Бұл жобалар 200-ден астам жаңа жұмыс орнын құрды. Сонымен қатар, өткен жылы негізгі капиталға 226,5 млрд теңге инвестиция тартылды, оның 89%-ы жеке инвестициялардың үлесіне тиесілі.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ұлттық қор – балаларға»: тұрғын үй мен білімге қанша қаражат жұмсалды
Бүгін, 14:20

«Ұлттық қор – балаларға»: тұрғын үй мен білімге қанша қаражат жұмсалды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мемлекеттік «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясындағы нысаналы жинақтардың пайдаланылуы жөнінде деректерді жариялады
Мәжіліс депутаттары Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жобаларымен танысты
Қаржы министрлігі аукционға қатысып көруге кеңес берді. 
Ұлттық Урбан Форум – 2025  шарасы – Қазақстандағы жаңа урбанистік мәдениетті қалыптастырудағы өңірлердің рөлін айқындау алаңы

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →