Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мемлекеттік «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясындағы нысаналы жинақтардың пайдаланылуы жөнінде деректерді жариялады
2024 жылы 1 ақпаннан 2025 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта барлығы 117 495 өтініш бойынша 14,86 миллион АҚШ доллары аударылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 71 488 өтініш орындалып, 9,20 миллион доллар, ал білім үшін төлем жасауға қатысты 46 007 өтініш бойынша 5,66 миллион доллар аударылды», – делінген хабарламада.
Қордың мәліметінше, нысаналы жинақтардың алушысы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалана алады, ал пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақ шотында (НЖШ) сақталады.
Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатындағы ең көп қолданылған бағыттар:
Білім беру бағытындағы төлемдер мына мақсаттарға бағытталды:
Сонымен қатар, хабарламада кәмелет жасына толған азаматтар жеке кабинеттері арқылы (БЖЗҚ сайты не электронды үкімет порталында) өздерінің нысаналы жинақтарын бақылауы, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларымен банктік шот ашу және тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) білім үшін төлем жасауға өтініш беру керектігі айтылған.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы жыл сайын 2006 жылдан бастап туған Қазақстан азаматтарының атына бөлінеді.