×

Теңге бағамы әлсірей ме? Олжас Бектенов жауап берді

Ол теңгенің күрт құнсыздануына себеп болатын алғышарттар жоқ деп отыр. 

Теңге бағамы әлсірей ме? Олжас Бектенов жауап берді
t.me/KZgovernment

Премьер-министр Олжас Бектенов теңге бағамының тұрақтылығы мен ұлттық валютаның әлсіреу ықтималдығы жөнінде журналистердің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, ұлттық валютаның бағамы толықтай нарықтық тетіктерге сүйене отырып қалыптасады және қазіргі уақытта теңгенің күрт құнсыздануына себеп болатын қандай да бір алғышарттар байқалмайды.

Бағам бізде тек нарықтық факторлар негізінде қалыптасады. Ұлттық банк тарапынан оған араласу жасалып жатқан жоқ. Қазіргі таңда өзіміздің де, беделді сарапшылардың да пікіріне сүйенсек, теңгенің айтарлықтай әлсіреуіне негіз жоқ, - деді премьер-министр.

Сондай-ақ ол биылғы күзде доллар бағамы 600 теңгеге жетеді деген болжамдарды орынсыз деп есептейтінін жеткізді. Оның сөзінше, 2026 жылға арналған республикалық бюджетті әзірлеу кезінде үкімет 60 долларлық мұнай бағасына негізделген базалық сценарийді басшылыққа алған. Бұл жағдайда доллар бағамы 540 теңге деңгейінде қарастырылған.

Бұл - біздің негізгі, яғни базалық сценарийіміз. Егер мұнай бағасы 50 долларға дейін төмендейтін болса, пессимистік сценарий іске қосылады, онда басқа механизмдер қарастырылған. Алайда қазіргі ахуалға сәйкес, біз базалық сценарийдің ең шынайы нұсқа екеніне сенеміз. Сондықтан да девальвация немесе теңгенің күрт құнсыздануын күтпейміз, - деп қорытындылады Олжас Бектенов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресейлік автодилерлер нарықты жаулап алды». Бектенов не дейді?
Бүгін, 14:40

«Ресейлік автодилерлер нарықты жаулап алды». Бектенов не дейді?

Ал премьер-министр барлық елде утильалым бар екенін еске салды.
Егер біз қыста жылы болсын десек, жарық жанып, су ағып тұрғанын қаласақ, тарифтер өседі.
Жыл басынан бері көрсеткіш 5,7 миллиард долларға өскен.
Түркістан облысында тәулігіне 3 тонна сүт өңдейтін кооператив іске қосылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →