×

Халыққа жақсы көрінгім келмейді – Олжас Бектенов

Егер біз қыста жылы болсын десек, жарық жанып, су ағып тұрғанын қаласақ, тарифтер өседі.

Халыққа жақсы көрінгім келмейді – Олжас Бектенов
Үкімет

Қазақстанда биыл да тарифтердің өсуі жалғасады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін үкімет инфляцияны ескеріп, тарифтердің өсу қарқынын уақытша бәсеңдететінін мәлімдеген еді. Алайда Бектенов бұл тарифтердің өсуі мүлде тоқтайды дегенді білдірмейтінін ашық айтты.

Тарифтердің өсімі жалғасады. Бұл жанға бататын мәселе. Ұзақ уақыт бойы тарифтер белгілі бір деңгейде болғанда (біз ТКШ-ға ақша инвестиция жасай алмаған уақытта), Екібастұзда апат болды. Егер біз қыста жылы болсын десек, жарық жанып, су ағып тұрғанын қаласақ, тарифтер өседі. Олар инфляцияға қысымды төмендету үшін басқаша ұлғаяды. Мен халыққа жақсы болу үшін «тарифтер өспейді» деп айтқым келмейді. Жоқ, өседі. Осы арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына инвестиция тартамыз, - деді Олжас Бектенов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресейлік автодилерлер нарықты жаулап алды». Бектенов не дейді?
Бүгін, 14:40

«Ресейлік автодилерлер нарықты жаулап алды». Бектенов не дейді?

Ал премьер-министр барлық елде утильалым бар екенін еске салды.
Ол теңгенің күрт құнсыздануына себеп болатын алғышарттар жоқ деп отыр. 
Жыл басынан бері көрсеткіш 5,7 миллиард долларға өскен.
Түркістан облысында тәулігіне 3 тонна сүт өңдейтін кооператив іске қосылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →