Ал премьер-министр барлық елде утильалым бар екенін еске салды.
Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов өткізген баспасөз мәжілісінде тілшілер утильалымға қатысты мәселені сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Журналист Бақытнұр Әлібай көлік жүргізушілерінің барлығын алаңдатқан негізгі мәселе осы болып тұрғанын айтты.
Жалпы бұл мәселе қалай реттелу мүмкін? Көліктерді азаматтар қолжетімді бағаға келтіру үшін осы салада қандай өзгерістер болуы мүмкін? Өйткені қазір қарап отырсақ Ресейлік автодилерлер нарықты жаулап алып, монополия жасап отырғандай әсер қалдырады, - деді ол.
Ал премьер-министр барлық елде утильалым бар екенін еске салды.
Түсінікті. Жалпы барлық мемлекеттерді алатын болсақ олар автомобиль өздерінің аумақтарынан шығарылса утильалым болады. Өйткені отандық өндірушілерді қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі. Біз де оны қолданып жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, көптеген пікірлер айтылып жатыр. Утильалымды алып тастау керектігі жайлы да пікір бар. Бірақ оны істесек, біз толығымен импортқа тәуелді боламыз. Ол бізге керек пе? Меніңше керек емес. Сондықтан утильалым болады. Тиісті мемлекеттік саясат ары қарай да жүргізіледі, - деді Олжас Бектенов.
Тілші: Ресейлік дилерлердің Қазақстанның нарығын билеп төстеп жатқаны туралы ештеңе демедіңіз ғой?
Бектенов: Менде ондай ақпарат жоқ. Ресейлік дилерлер бізде емін-еркін жүр деп білмеймін мүмкін Роман Скляр сіздің алып қосарыңыз бар болар?
Роман: Мен білмеймін.
Айта кетейік, 2025 жылы Ресейден келетін көліктер Қазақстанда үш есеге азайған.
«Автостат» аналитикалық агенттігінің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың алғашқы бес айында Қазақстаннан Ресейге 2369 жаңа автокөлік экспортталған. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есеге жуық төмен — өткен жылы бұл сан 8776 автокөлікті құраған.
Сондай-ақ, қолданыста болған автокөліктердің импорты да азайған: 2025 жылғы қаңтар–мамыр аралығында барлығы 256 көлік әкелінген. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 29 пайызға төмен көрсеткіш.