×

1 тамыздан бастап сұйытылған газ бағасы өсуі мүмкін

Жоба "Ашық НҚА" порталында 23 шілдеге дейін талқыланады.

1 тамыздан бастап сұйытылған газ бағасы өсуі мүмкін
Gov.kz

 Қазақстанда сұйытылған газдың бағасы 1 тамыздан бастап көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көтерме бағасы тоннасына 8 мың теңгеге артады. Яғни алдағы уақытта 59 722 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Бөлшек сауда бағасы 7-10 теңгеге артады деп болжануда.

Қазақстан Энергетика министрлігінің айтуынша, елде сұйытылған газ өндірісі тиімсіз болып қалады, оның өзіндік құны – тоннасына 70-80 мың теңге, ал өндіруші зауыттар үшін көтерме баға тоннасына 51 932 теңге деңгейінде белгіленген. Бұл ретте газды тұтыну өсуде, 2025 жылы газ тапшылығы 30-40%-ті құрауы мүмкін.

Жоба "Ашық НҚА" порталында 23 шілдеге дейін талқыланады.

Осыған байланысты зауыттарда жаңғырту мен жоспарлы жыл сайынғы жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат жетіспеуде. Өндірістің шығынды болуына орай сұйытылған газ өндіруге қызығушылық төмендеп, зауыттар табысы жоғары өнімдерге көшіп жатыр. Бұл ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге қауіп төндіреді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ең төменгі жалақы 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін
Кеше, 12:42

Ең төменгі жалақы 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Мәжіліс депутаттары осындай ұсыныс жасады
Инвестиция тарту үшін ең алдымен сенім мен ыңғайлы жағдай керек
Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда едәуір жоғары
Инфляция деңгейі республикалық көрсеткіштен аспаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →