×

Инвесторлар Зайсан ауданында табиғи газ өндіруге мүдделі

Кездесу Шығыс Қазақстанның тұрақты дамуы бағытындағы стратегиялық әріптестіктің тағы бір маңызды кезеңі болды.

Инвесторлар Зайсан ауданында табиғи газ өндіруге мүдделі
ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ҚХР елінің ірі Funde Holding Group Co., Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесті. Инвесторлар Зайсан ауданында табиғи газ өндіру жобасын жүзеге асыруға мүдделі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл өңірге шамамен екі миллиард АҚШ доллар инвестиция тартуға және жаңадан мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 

Қытай елінің компаниясы халықаралық тәжірибеге ие және бүкіл әлем бойынша ауқымды энергетикалық бастамаларды жүзеге асырып келеді. Инвесторлар жобаны жүзеге асырмас бұрын ауданның климаттық, географиялық және инфрақұрылымдық жағдайларына терең талдау жасаған. Кездесу аясында ынтымақтастықтың алдын ала жоспары, сондай-ақ жобаны талқылауға бейінді басқармалар мен сарапшылардың қатысуы келісілді.

«Жобаның жүзеге асуы Зайсан ауданының тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік. Жаңа жұмыс орындары ашылып қана қоймай, өңірдің табиғи газ өндіру әлеуеті күшейеді. Ол өз кезегінде аймақ экономикасының дамуына оң әсер берері сөзсіз», - деді Нұрымбет Сақтағанов. 

Кездесу Шығыс Қазақстанның тұрақты дамуы бағытындағы стратегиялық әріптестіктің тағы бір маңызды кезеңі болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жоба "Ашық НҚА" порталында 23 шілдеге дейін талқыланады.
Марапаттарды ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов өңірге жұмыс сапары барысында арнайы табыс етті.
Ал премьер-министр барлық елде утильалым бар екенін еске салды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →