×

Ұлттық валюта нығайып келеді: доллар мен рубль арзандады

АҚШ долларының орташа бағамы 3,5 теңгеге төмендеді. 

Ұлттық валюта нығайып келеді: доллар мен рубль арзандады
Pixabay.com

2025 жылғы 28 шілдеде сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сауда нәтижесі бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 3,5 теңгеге төмендеп, 541,35 теңгені құрады.

Ресей рублі де аздап арзандап, 6,81 теңгеге түсті (-0,04).

Таңертеңгі сессияда қытай юанінің орташа бағамы 75,53 теңге болды, бұл - алдыңғы көрсеткіштен 0,52 теңгеге төмен.

Валюта айырбастау орындарында:

долларды 542,5-545,5 теңгеден сатып алып/сатуда;

еуро - 633-638 теңге;

рубль - 6,75-6,87 теңге аралығында.

Осы уақытта әлемдік нарықтарда мұнай бағасы өсіп жатыр.

ICE Futures электронды сауда алаңында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 0,58% өсіп, барреліне 68,05 доллар болды.

NYMEX биржасында қыркүйек айына арналған WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы да 0,58%-ға көтеріліп, 65,54 долларды құрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Сарапшылар бұл заң жобасында негізгі басымдық бәсекелестікті дамытуға берілген деген пікірде
Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 13,9%-ға өсіп, 320,8 млрд теңгеге жеткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →