×

Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу мәселесі неге шешілмей жатыр

Соның бірі - бизнеске 3% мөлшерлемемен 15 жылға дейін жеңілдетілген несие беру көзделген.

Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу мәселесі неге шешілмей жатыр
egemen.kz

Бүгін Үкіметтің баспасөз конференциясында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу мәселесінің не себепті толық шешімін таппай отырғанына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстанда қоқыс өңдеу жүйесі жылдар бойы жолға қойылмай келе жатқаны белгілі. Қайта өңдеу деңгейі кейбір деректерде 15-20%, енді бір мәліметте 11% деп көрсетіледі. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Жалпы, еліміздің көптеген өңірінде бұл жұмыс неге жүзеге аспай отыр? Қандай кедергілер бар? – деп сұрады Qaz365.kz  тілшісі министрден.

Министр өз жауабында бұл салаға мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатқанын, ал нақты кедергілер жоқ екенін атап өтті.

Біздің елде жыл сайын 4,5 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналады. Соның тек 25,8 пайызы ғана қайта өңделеді. Бірақ бұл салаға бизнестің қызығушылығы жоғары. Осыған байланысты жалпы құны 345 млрд теңгені құрайтын 67 жобаны іске асыруды бастадық. Оның 41-і – тікелей қайта өңдеу бағытындағы жобалар. 2029 жылға дейін өңдеу үлесін 40 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл мақсатқа жетуге толық мүмкіндігіміз бар, өйткені ауқымды қаржы бөлініп жатыр. Әр өңірде өңдеу зауыттарын іске қосу жоспарда бар, – деді министр.

Нысанбаевтың сөзінше, қазіргі таңда кәсіпкерлер үшін ынталандыру механизмдерін қарастырылып жатыр. Соның бірі - бизнеске 3% мөлшерлемемен 15 жылға дейін жеңілдетілген несие беру көзделген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандағы үшінші АЭС-ті кім салатыны анықталды
Кеше, 14:36

Қазақстандағы үшінші АЭС-ті кім салатыны анықталды

ҚР Атом энергетикасы агенттігінің мамандары үшінші АЭС-тің орналасатын орнын анықтаумен айналысып жатыр.
АҚШ долларының орташа бағамы 3,5 теңгеге төмендеді. 
Кездесу Шығыс Қазақстанның тұрақты дамуы бағытындағы стратегиялық әріптестіктің тағы бір маңызды кезеңі болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →