×

Қазақстанда аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жағынан жеңілдіктер берілетін болды

Табысы аз отбасыларға азық-түлікке цифрлық ваучерлер арқылы жеңілдіктер ұсынылады

Қазақстанда аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жағынан жеңілдіктер берілетін болды
Ашық дереккөзден

Үкімет отырысында «BTS Digital» компаниясының уақытша директоры Ержігіт Балқібеков атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсынуға арналған пилоттық жобаны таныстырды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл жоба әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны ырықтандыру аясында жүзеге асырылып жатыр және халықтың ең осал санаттарын нақты қолдауға бағытталған. Ержігіт Балқібековтің айтуынша, ұсынылып отырған механизмнің негізгі қағидаты – кәсіпкерлік субъектілеріне айналым қаражатын толықтыру үшін 0,01% мөлшерлемемен қайтарымды несие беру. Ал сауда желілері бұл қаражат есебінен тек АӘК алушылар үшін нарықтық бағадан төмен баламалы бағамен тауар сатуға міндеттеледі.

Пилоттық жоба Ақкөл қаласында іске қосылған. Қыркүйек айының соңына дейін бұл жүйе Көкшетау мен Павлодарда да жұмыс істей бастайды. Егер нәтиже оң болса, жоба бүкіл ел бойынша кеңейтіледі. Қазіргі таңда Қазақстанда АӘК алушылардың саны 245 мыңнан асады.

Жеңілдіктер қалай беріледі

Механизм «eGov Mobile» мобильді қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» қызметі арқылы іске асырылған. Жүйе отбасының әрбір мүшесіне бір айлық есептік көрсеткіш (2025 жылы АЕК – 3 932 теңге) негізінде автоматты түрде азық-түлік ваучерін қалыптастырады. Мысалы, төрт адамнан тұратын отбасы 16 000 теңге шамасында ваучер алады, оны серіктес дүкендердегі жеңілдіктерге қолдануға болады.

АӘК алушылардың тізімі «Цифрлық отбасы картасы» жүйесі арқылы қалыптасып, «Әлеуметтік әмиянға» жіберіледі. Алушылар дүкен кассасында QR-кодты көрсетіп, нан, жарма, көкөніс, ет және сүт өнімдері сияқты әлеуметтік маңызы бар тауарларға жеңілдікпен ие болады. Нарықтық баға мен жеңілдікті баға арасындағы айырмашылық ваучер есебінен жабылады, қалған сома сатып алушы тарапынан төленеді.

Жоба тұрақтандыру қоры есебінен қаржыландырылады. 35 млрд теңге сауда желілерін жеңілдікпен несиелеуге, ал 65 млрд теңге – отандық фермерлер мен өндірушілерден өнімді форвардтық сатып алуға бағытталмақ. АӘК алушылар үшін жеңілдік көлемі 25%-ға дейін жетуі мүмкін. Бұл сауда үстемесін алып тастау және төмен бағамен сатып алу есебінен қамтамасыз етіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандағы үшінші АЭС-ті кім салатыны анықталды
31.07.2025ж. 14:36

Қазақстандағы үшінші АЭС-ті кім салатыны анықталды

ҚР Атом энергетикасы агенттігінің мамандары үшінші АЭС-тің орналасатын орнын анықтаумен айналысып жатыр.
Соның бірі - бизнеске 3% мөлшерлемемен 15 жылға дейін жеңілдетілген несие беру көзделген.
АҚШ долларының орташа бағамы 3,5 теңгеге төмендеді. 
Кездесу Шығыс Қазақстанның тұрақты дамуы бағытындағы стратегиялық әріптестіктің тағы бір маңызды кезеңі болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →