×

Түркістандық шаруа мал азығының жаңа түрін өсіруді қолға алған

Түлкібас ауданында шаруа сорго дақылын өсіруді қолға алды

Түркістандық шаруа мал азығының жаңа түрін өсіруді қолға алған

Түркістан облысына қарасты, Түлкібас ауданынында тұратын шаруа мал азығының жаңа түрін өсіруді қолға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Түлкібас ауданының «Борсық сай» шаруа қожалығы тары тұқымдас сорго өсімдігінің жаңа сортын сынақ түрінде мамыр айының басында егіп, алғашқы өнімді алғалы отыр. Бүгін аталған шаруа қожалыққа аудан әкімі Асқар Естібаев арнайы барып, егін алқабының басында болды. Қожалық төрағасы Мылтықбаев Данияр сүтті сиырға таптырмас азық түрінің тұқымын шетелден арнайы алдырып, 3 гектар жеріне отырғызған.

Аудан басшысы кәсіпкердің ісіне оң бағасын беріп, алғашқы өнімін аудандағы сүт өндірумен айналысатын кәсіпкерлерге үлестіруді, тұтынушылардың көңілінен шыққан жағдайда өнімді молайтуды ұсынды. Бұнымен тоқтап қалмай, алдағы жылы кәсіпкер тағыда аталған өсімдік түрін 15 гектер жеріне егуді жоспарлап, оған тамшылатып суғару әдісін енгізуді көздеп отыр.  

Жалпы сорго – суды көп қажет етпейтін, мал азығымен қатар тамақ өнеркәсібінде де кеңінен пайдалануға болатын өсімдік түрі. Дұрыс қараған жағдайда бұл өсімдік жылына 4 рет оруға болады, биіктігі 6 метрге дейін жетеді. Бұл өсімдік әлемде, соның ішінде Қазақстанда ауыл шаруашылығы үшін маңызды рөл атқарады. Елімізде Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында сорго өсіруді кеңейту арқылы азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға,
мал шаруашылығын тұрақты азықпен қамтуға болады. Сорго жасыл азық, сүрлем және пішен түрінде мал шаруашылығында кеңінен қолданылады. Оның жапырағы мен сабағында қоректік заттар мол болғандықтан сүтті сиырлардың өнімділігін арттырады, етті бағыттағы малдың салмақ қосуын жақсартады.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда ең төменгі жалақы көтеріле ме?
13.08.2025ж. 15:37

Қазақстанда ең төменгі жалақы көтеріле ме?

Бұған дейін ең төменгі жалақы 90 мың теңгеге көтерілетіні хабарланған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →