×

Түркістан облысында мақта және тоқыма кластерін дамыту жолға қойылған

Түркістанда тоқыма-мата өндірістік базасын салу мәселесі талқыланды

Түркістан облысында мақта және тоқыма кластерін дамыту жолға қойылған

Түркістанда тоқыма-мата өндірістік базасын салу бойынша келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік ірі компанияның бас директорымен кездесіп, мата өндіру, киім тігу саласында инвестициялық жобаны жүзеге асыру жайын жан-жақты талқылады. Аймақ басшысы өңірде мақта-тоқыма кластерін дамытуға аса басымдық берілгенін айтып, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. 

– Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін құруды қолға алдық. Қазіргі таңда мақта өңдеудің толық циклін қамтитын ірі жобалар жүзеге асырылуда. Сіздер ұсынған жобаларды да зерделеп шықтық. Өңір экономикасына тиімді жобаларды қолдауға әрқашан дайынбыз. Құжаттандыру жұмыстарын сүйемелдейміз. Шарттарымыз да бар. Талаптарды белгілеп, жіті зерделеп, меморандум жасаймыз, – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Жоба аясында жіп иіру желілерін, сондай-ақ, джинсы маталарын шығаратын, киім тігетін өндіріс желілерін іске қосу жоспарланған. Ол үшін Түркістан қаласындағы «TURAN» АЭА аумағынан 20 гектар жер қарастырылуда. Тоқыма өндірістік базасы үш кезең бойынша жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда, роторлық иіру өндірісінің, сақиналы иіру өндірісінің, джинсы мата өндірісінің құрылысын жүзеге асыру көзделген. Компания басшысы барлық өңірлер арасынан таңдауы Түркістанға түскенін айтып, жіп иіру және мата шығару бағытындағы жетістіктерімен бөлісті. Жоғары сұранысқа байланысты киім-кешек тігетін зауыт салуды да жоспарлап отырғанын айтты. Құрылыс жұмыстарын биыл бастауға дайын әрі келесі жылы 1 кезең бойынша жұмыстарды аяқтауға ниетті екенін жеткізді. 100 пайыз жергілікті шикізатты пайдалана отырып, өнімді Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде экспортқа бағыттау көзделуде. 
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда ең төменгі жалақы көтеріле ме?
Кеше, 15:37

Қазақстанда ең төменгі жалақы көтеріле ме?

Бұған дейін ең төменгі жалақы 90 мың теңгеге көтерілетіні хабарланған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →