×

Түркістан: Қазығұрт ауданындағы 100,9 мың га егістіктің 94 мың гектары игерілді

Қазығұртта жиын-терім науқаны басталды

Түркістан: Қазығұрт ауданындағы 100,9 мың га егістіктің 94 мың гектары игерілді

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының диқандары биылғы жиын-терім науқанын бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов аудандағы Қ.Әбдәлиев ауыл округіндегі «Үшбастау» өндірістік кооперативінде болып, орақ науқанының барысымен танысты.  Қазіргі уақытта комбайндар алтын дәнді қамбаға құюда.
«Үшбастау» ӨК егіс алқабынан 1 гектардан 25 центнер астық алу жоспарлануда. Жалпы, аудан бойынша өнім көлемі орташа деңгейден жоғары болады деп күтілуде. Қазығұрт ауданында ауыл шаруашылығына арналған 275,3 мың гектар жер бар. Оның ішінде, 100,9 мың га – егістік, 133,6 мың га – жайылым, 30,9 мың га – шабындық,13,5 мың га – суармалы алқап болып табылады.

Биыл 100,9 мың га егістіктің 94 мың гектары игерілді. Ауданда 43,9 мың га аумаққа – бидай, 6,4 мың га – арпа, 8 025 га – мақсары және 33,6 мың га жерге жоңышқа, жүгері, көкөніс, бақша өнімдері және басқа да дақылдар егілген.
Көктемгі дала жұмыстарына 5 448 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлініп, шаруалар толық қамтылды. «Ырыс» микроқаржылық ұйымы арқылы 30 шаруа қожалығы 364 млн теңге көлемінде 5% несиемен қолдау алды.

Қазығұрт ауданының еңбекқор диқандары үшін биылғы жыл да берекелі болуға үмітті. Науқан барысындағы жүйелі жұмыс пен ынтымақты еңбек өз нәтижесін беріп, Түркістан облысының аграрлық әлеуетіне қосымша үлес қоспақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда ең төменгі жалақы көтеріле ме?
Кеше, 15:37

Қазақстанда ең төменгі жалақы көтеріле ме?

Бұған дейін ең төменгі жалақы 90 мың теңгеге көтерілетіні хабарланған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →