×

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада көш бастады

Түркістан облысы экономикалық өсімде рекорд жаңартты

 

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада көш бастады

2025 жылдың алғашқы бес айының қорытындысымен Түркістан облысы экономикалық өсім қарқыны бойынша елімізде көш бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Өсім көрсеткіші 120,4%-ды құрап, өңірдің барлық негізгі салаларында оң динамика байқалды. Экономиканың негізгі секторларындағы көрсеткіштерге тоқталсақ. Оның ішінде, өнеркәсіп өндірісі көлемі – 593 млрд теңге, ауыл шаруашылығы – 194,3 млрд теңге, құрылыс жұмыстары – 117,4 млрд теңге, 
сауда айналымы – 269,7 млрд теңге, көлік және логистика саласы – 209,3 млрд теңге, байланыс қызметтері – 4,9 млрд теңге құраған. Ал, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 306,1 мың шаршы метрді құрап отыр. Бұл көрсеткіштер Түркістан облысының экономикасы әртараптанып, бірқатар салаларда тұрақты және қарқынды даму жолына түскенін көрсетеді.

Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық өсімді 6%-ға жеткізу туралы тапсырмасына толықтай сәйкес келеді. Осы ретте, облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық мәжілістерде экономикалық өсімді арттыру жолдары талқыланып, тиісті тапсырмалар беріліп жатыр. Әкім аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына 2025 жылға белгіленген көрсеткіштердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырған. Негізгі индикаторлардың орындалу барысы әр тоқсан сайын аппараттық мәжілісте қаралуда. Атап айтқанда, көлік және қоймалау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы салаларынан басқа барлық көрсеткіштер бойынша межеге қол жеткізілді. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға аудан, қалалардың экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша жоспар әзірленуде. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары бойынша рейтингтік бағалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. 
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бүгін ресейлік "Росатом" агенттігі салатын Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысы бүгін ресми түрде басталады
Оның айтуынша, мұндай ақпаратты жинау мен нақтылау белгілі бір уақытты қажет етеді.
Табысы аз отбасыларға азық-түлікке цифрлық ваучерлер арқылы жеңілдіктер ұсынылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →