Мақтаарал ауданында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер талқыланды
Түркістан облысына қарасты, Мақтаарал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері талқыланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жиынға қатысқан Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері талқыланды. Шарада ауданға бекітілген негізгі индикаторлар бойынша I жартыжылдық қорытындысы мен болжамды нәтижелері туралы ауданынның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шалқар Әбенов баяндама жасады. Ағымдағы жылдың басында ауданның дамуын бағалау үшін барлығы 9 блоктан тұратын 89 индикатор бекітілген. Осы индикаторлар арқылы ауданның әлеуметтік және экономикалық даму деңгейі жүйелі түрде бағаланып, талданып отыр. Бұл көрсеткіштер аймақтың әртүрлі салаларында қол жеткізілген жетістіктер мен кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Оның сөзінше жарты жылдың қорытындысы бойынша, жауапты мекемелер ұсынған мәліметтерге сәйкес, жалпы 70 көрсеткіш бойынша жоспардың орындалуы «қанағаттанарлық» деп бағалануда. Бұл көрсеткіштер ауданның экономикалық жағдайының тұрақтылығын және әлеуметтік саладағы жетістіктерді көрсетеді. Атап айтқанда, «Экономикалық даму» блогы аса маңызды болып табылады. Бұл блокта бекітілген 9 көрсеткіштің 25% маңыздылық үлесін құрайтындығы есепке алынып, аталған көрсеткіштердің барлығының орындалуы күтілуде. Бұл ауданның экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін негізгі бағыттардың дұрыс жүзеге асырылып жатқанын білдіреді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Бақыт Асанов алдағы уақытта көрсеткіштердің орындалуын бақылауды күшейтіп, экономика мен әлеуметтік саладағы кемшіліктерді жоюға бағытталған шараларды қабылдауды тапсырды.