×

Дженнифер Лопестің концерті: Уәде етілген 400 млн теңге салық түсті ме?

Оның айтуынша, мұндай ақпаратты жинау мен нақтылау белгілі бір уақытты қажет етеді.

Дженнифер Лопестің концерті: Уәде етілген 400 млн теңге салық түсті ме?
Фото: instagram.com/@jlo

Жақында Астана қаласында өткен әлемдік поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті қоғамда кең талқыланған шаралардың біріне айналды. Жоба ұйымдастырушылары концерттің ел экономикасына оң әсер етіп, 6,5 млрд теңге пайда және 400 млн теңге көлемінде салық түсімін қамтамасыз ететінін мәлімдеген еді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Qaz365.kz тілшісі бұл мәселеге байланысты Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековке сұрақ қойды.

Жақында әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес келіп кетті. Әуелі Үкіметте Бектеновтың алдында Астана концерт ұйымының продюсері Мәлік Хасенов 15 мың турист келіп, 6.5 млрд пайда, 400 млн салық түсетінін айтты. Енді сол концерттен кейін 400 млн салық түсті ме? Экономикалық тиімділігі бар шара ма, әлде жай ғана дүрмек пе? – деп сұрады тілші.

Вице-министр бұл сұраққа нақты жауап беруден бас тартты. Оның айтуынша, мұндай ақпаратты жинау мен нақтылау белгілі бір уақытты қажет етеді. Сондай ақ бұл сұраққа Қаржы министрлігі мен Туризм және спорт министрлігі жауап беретінін айтты.

Қазір ол концерт көп талқыланып жатыр ғой. Ұйымдастырушылар алдын ала берген ақпаратты айтып өттіңіз. Нақты қанша салық түскендігі, ол тікелей салық па, жанама салық па екендігін анықтауға көп уақыт керек. Бұл сұраққа Ұлттық экономика министрлігі емес, көбінде Қаржы министрлігі мен Туризм және спорт министрлігі нақты жауап бергені дұрыс деп ойлаймын, – деді Бауыржан Омарбеков.

Айта кетейік, бұған дейін концерт ұйымдастырушылары бұл шараның халықаралық деңгейде туризмді дамытуға оң әсер беріп, шетелдік келушілер есебінен ел бюджетіне айтарлықтай кіріс әкелетінін атап өткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бүгін ресейлік "Росатом" агенттігі салатын Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысы бүгін ресми түрде басталады
Табысы аз отбасыларға азық-түлікке цифрлық ваучерлер арқылы жеңілдіктер ұсынылады
ҚР Атом энергетикасы агенттігінің мамандары үшінші АЭС-тің орналасатын орнын анықтаумен айналысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →