×

Норвегия мұнай қоры & Қазақстанның Ұлттық қоры: Басты айырмашылық?

Норвегия мұнай қоры & Қазақстанның Ұлттық қоры: Басты айырмашылық?
Иллюстрация: glavnoe.ua

«Бес тиын» подкастында макроталдаушы Аягөз Ханет Норвегияның мұнай қоры мен Қазақстанның Ұлттық қорының айырмашылығына тоқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Оларда агрессив инвестициялық стратегия. Олар біздікі сияқты конверсативті емес, керісінше активтерінің басым бөлігін акцияларға салады. Акция ол тәуелкелі жоғары бірақ табысты көп әкелетін құрал»,- деді сарапшы. 
«Олар бізге қарағанда батылырақ қой» деген журналистің сауалына ол төмендегідей жауап берді:

«Ақшаңыз көбірек болса, мысалы, сізде 10 млн бар, менде жүз мың бар. Сіз он миллионның бір миллионын жоғалтуға дайынсыз, сондықтан сіз нарықтағы құбылмалы кезеңде кез келген акцияларға сала аласыз. Ал мен жүз мың теңгем болса, оны мен жоғалтуға дайын емеспін ғой», - дейді Ханет. 

Қазақстанның Ұлттық қорының жинағы қазіргі уақытта  60 млрд доларды құрайды. 


Айта кетейік, Норвегия мұнайдан түскен қаржыны «Норвегия зейнетақы қоры» деп аталатын ұйымға шоғырландырады. 2024 жылы оның табысы 220 млрд доллар болған. Қор ресми сайтында қай компанияларға инвестиция салғанын ашық жариялап отырады. Бүгінде шамамен 9 мың компанияға  қаржы салып, осынша өсім көрген.

Ал сарапшылар Қазақстанның Ұлттық қоры табысын ашық көрсетпейді деп айыптайды. Ұлттық қорға мұнайдан түскен табыс жинақталады. Әдетте қаражат өсім беру үшін, ол түрлі активтер мен акцияларға инвестицияланады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Төлеби ауданын дамыту: инвестиция, туризм және жаңа жобалар талқыланды
Жұма күннен бері АҚШ валютасы 0,93 теңгеге арзандады.
Бұған дейін ең төменгі жалақы 90 мың теңгеге көтерілетіні хабарланған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →