×

2026 жылы Үкімет жалпы ішкі өнімді 183 трлн теңгеге дейін арттыруды көздейді

2028 жылға дейін тіпті 229 трлн теңгеге дейін өседі деген болжам бар

2026 жылы Үкімет жалпы ішкі өнімді 183 трлн теңгеге дейін арттыруды көздейді
Фото: Үкімет

Бұл туралы Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Серік Жұманғарин бүгін Үкіметте «2026-2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемі туралы» заң жобаcын таныстырды. Оған сәйкес, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы базалық нұсқа негізінде қалыптастырылған. Базалық нұсқаға сәйкес 2026 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі болжам бойынша 5,4 %, 3 жылдағы орташа жылдық өсім – 5,3 %-ды құрайды. 

«Номиналды ЖІӨ 2026 жылы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың өсуі нақты сектор мен қызмет көрсету саласындағы өсіммен қамтамасыз етілетін болады. Өңдеуші өнеркәсіпте инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен өсу қарқынының 2026 жылғы 6,2 %-дан 2028 жылы 6,6 %-ға дейін ұлғаюы болжанады. Тау-кен өнеркәсібіндегі үш жылдағы орташа өсім 2,8%, ауыл шаруашылығында – 3,9%, құрылыста – 11,0%, көлік қызметтерінде – 10,1% және саудада – 6,7%-ды құрайды. Оң сауда балансы сақталады», - дейді ол.

Болжам бойынша, экспорт 2026 жылы 77,1 млрд АҚШ долларынан 2028 жылы 83,7 млрд АҚШ долларына дейін, импорт – 67,7-ден 75,2 млрд АҚШ долларына дейін өседі. Инфляция болжамы 2026 жылы шамамен 10,0% аспайды, 2027 және 2028 жылдары 6,0% сатысында. Макро болжамның негізінде 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы қалыптастырылған. Республикалық бюджеттің кірістері болжамдар бойынша 2026 жылы 19,2 трлн теңгені, 2027 жылы – 21,2 трлн теңгені, 2028 жылы 23,2 трлн теңгені құрайды. 

«Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт бюджет қағидасын ескере отырып, жыл сайын 2 770 млрд теңге мөлшерінде айқындалды. Бюджет тапшылығы 2028 жылы ЖІӨ-ге қатысты 0,9%-ға дейін төмендей отырып, 2026 жылы ЖІӨ-ге 2,5% деңгейінде айқындалды. Мұнай емес тапшылық ЖІӨ-ге қатысты 4,9%-дан ЖІӨ-ге қатысты 2,7%-ға дейін қысқарады», - дейді Жұманғарин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үкімет күш құрылымдарының шығынын 335 млрд теңгеге ұлғайтқалы отыр
Бүгін, 10:57

Үкімет күш құрылымдарының шығынын 335 млрд теңгеге ұлғайтқалы отыр

Жалпы шығыстар үлесінде шамамен 11% құрайды
Доллардың орташа бағамы 537,34 теңге болып, 0,39 теңгеге төмендеді.
Ведомство мәліметінше, өңірдегі жағдай тұрақты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →