×

Үкімет күш құрылымдарының шығынын 335 млрд теңгеге ұлғайтқалы отыр

Жалпы шығыстар үлесінде шамамен 11% құрайды

Үкімет күш құрылымдарының шығынын 335 млрд теңгеге ұлғайтқалы отыр
Фото әлеуметтік желіден

Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2026 жылы күш құрылымдарының шығыны 3 трлн теңгеге дейін ұлғайтылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Осы жылдың жоспарына қарағанда бұл бағытта шығын 335 млрд теңгеге ұлғайып, жалпы шығыстар үлесінде шамамен 11% құрайды», - деді ол.

Тәкиевтің сөзінше, бұдан басқа, республикалық бюджет жобасында 2026 жылға арналған субвенция көлемі 5,1 трлн. теңгені құрап, 2027 жылы – 6,4 трлн. теңгеге, 2028 жылы – 6,8 трлн. теңгеге артады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда банк саны артады – О.Қизатов
Кеше, 09:20

Қазақстанда банк саны артады – О.Қизатов

Әрі банктерді лицензиялауға қатысты өзгерістер бар.
Азаматтар исламдық қаржыландыру қағидалары бойынша несие ала алады
Халықтың инфляциялық күтулері жоғары және тұрақсыз деңгейде қалып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →