×

Доллар бағамы төмендеді

Ресей рублінің бағамы өзгеріссіз.

Доллар бағамы төмендеді
Pixabay.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 26 тамыз күні сағат 15:30-да шетелдік валюталар бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 533,87 теңге болды. Бұл алдыңғы саудамен салыстырғанда тағы 2 теңгеге төмен.

Ресей рублінің бағамы өзгеріссіз қалып, 6,65 теңге деңгейінде бекітілді.

Қытай юанінің орташа бағамы таңертеңгі саудада 74,59 теңгені құрады (-0,36 теңге).

Айырбастау пункттерінде:

доллар 534,7-537,1 теңге аралығында,

еуро 621-625 теңге,

рубль 6,55-6,67 теңге шамасында сатып алынып/сатылуда.

Мұнай бағасы

Әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеуде:

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange Futures) саудасында Brent маркалы мұнай баррелі 0,34 долларға арзандап, 68,46 доллар болды.

Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнай 0,37 долларға арзандап, 64,43 доллар болды.

Ұлттық банктің ресми бағамы

2025 жылғы 26 тамыз таңғы сауда қорытындысы бойынша, Қазақстан Ұлттық банкі төмендегідей ресми бағам орнатты:

доллар – 535,99 теңге,

еуро – 626,36 теңге,

рубль – 6,64 теңге.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үкімет күш құрылымдарының шығынын 335 млрд теңгеге ұлғайтқалы отыр
Бүгін, 10:57

Үкімет күш құрылымдарының шығынын 335 млрд теңгеге ұлғайтқалы отыр

Жалпы шығыстар үлесінде шамамен 11% құрайды
2028 жылға дейін тіпті 229 трлн теңгеге дейін өседі деген болжам бар
Доллардың орташа бағамы 537,34 теңге болып, 0,39 теңгеге төмендеді.
Ведомство мәліметінше, өңірдегі жағдай тұрақты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →