×

11 қыркүйекте доллар бағамы тағы өсті

АҚШ долларының орташа бағамы 538,89 теңге болды. 

11 қыркүйекте доллар бағамы тағы өсті
depositphotos.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 11 қыркүйекте сағат 15:30-да күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 538,89 теңге болып, 0,65 теңгеге қымбаттады. Ресей рублі арзандап, 6,31 теңге деңгейінде бекіді (-0,09). Қытай юанінің таңертеңгі саудадағы орташа бағамы 75,65 теңгені құрады (+0,14).

Айырбастау пунктерінде доллар 538,9-541,3 теңге, еуро 630-634 теңге, рубль 6,21-6,35 теңге аралығында сатып алынып-сатылуда.

Әлемдік мұнай нарығында да баға төмендеуде. ICE Futures электронды алаңында қараша айындағы Brent фьючерстері 0,36% арзандап, барреліне 67,25 долларды құрады. Ал NYMEX саудасында қазан айындағы WTI мұнайы 0,44% төмендеп, барреліне 63,39 доллардан саудаланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ең төменгі жалақы 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін
22.10.2025ж. 12:42

Ең төменгі жалақы 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Мәжіліс депутаттары осындай ұсыныс жасады
Инвестиция тарту үшін ең алдымен сенім мен ыңғайлы жағдай керек
Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда едәуір жоғары
Инфляция деңгейі республикалық көрсеткіштен аспаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →