×

Сиыр еті қымбаттап барады: тауық еті бағасы не болмақ?

Министрдің сөзінше, тамыздан бері тауық еті 1%-ға ғана қымбаттаған

Сиыр еті қымбаттап барады: тауық еті бағасы не болмақ?
Фото әлеуметтік желіден

Қазақстанда сиыр етінің бағасы өскен сайын тұтынушылар тауық етіне көшіп жатыр. Бұл жайлы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев журналистердің сұрағына жауап беру кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрдің айтуынша, тұтынушылардың сатып алу әдеті баға өзгерісіне тікелей байланысты: бір өнім қымбаттаса, халық арзанырақ баламасына бет бұрады.

«Сиыр еті бағасының өсімін бақылап отырмыз. Бір тауардың бағасы көтерілсе, тұтынушы екінші тауарға ауысады. Қазіргі жағдайда – бұл құс еті», – деді Шаққалиев.

Сонымен қатар министр тауық еті күрт қымбаттамайтынын атап өтті.

«Соңғы аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының индексі небәрі 0,1% ғана өсті. Қыркүйек басталғалы да өсім осы деңгейде. Бұл ай үшін жақсы көрсеткіш. Сол себепті құс еті бағасында айтарлықтай өзгеріс болмайды деп болжаймыз», – деді министр.

Арман Шаққалиевтің сөзінше, тамыздан бері тауық еті бар-жоғы 1%-ға қымбаттаған. Бұл көрсеткіш «сынайтын деңгей» саналмайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Сарапшылар бұл заң жобасында негізгі басымдық бәсекелестікті дамытуға берілген деген пікірде
Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 13,9%-ға өсіп, 320,8 млрд теңгеге жеткен
Жаңа жүйе жеке және кәсіпкерлік мақсаттағы аударымдарды нақты ажыратуға бағытталған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →